АЛЫСТАҒЫ АҒАЙЫНМЕН БАЙЛАНЫС

2022 жылы 20 мамыр күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Ербол Тілешов Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы мен «Отандастар» қорының Моңғолия...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

20 мамыр, 2022

Әйтсе де, жас ұрпақ туған тіліміздің мәйегін біліп, әдеби сұлу тілде сөйлесе екен деп армандаймыз. Сол арқылы халқымыздың асыл жауһар мұраларымен сусындар еді. Осы бағытта біраз шаруа ойлап келген жәйіміз бар», – деді ол.Ербол Ердембекұлы емен-жарқын кездесу барысында бірінші кезекте биыл әлем болып тойлап жатқан ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, екі ел тіл ғалымдары бірлесіп, ортақ бір шара өткізу қажеттігін айтты. Бұдан басқа еліміз көлемінде жарық көрген әдістемелік оқулықтармен кез келген уақытта көмектесуге әзір екенін мәлімдеп, «Моңғолияда қазақ тілін оқытумен айналысып жатқан мұғалімдер үшін айына бір рет жоғары білікті мамандардың онлайн семинарын өткізу қажет. Оны мойнымызға аламыз. Қазақстандық тіл ғалымдарының бай тәжірибесі үлкен олжа болары сөзсіз», – деді.


Баға беріңіз