Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Астана қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(717-2) 40-83-67

+7(717-2) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ТІЛ МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ

19.5.2022 241
Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлерін тіл майданының жауынгерлері десе болады. Күнделікті атқарып жатқан қызметі өз алдына, басшыдан бастап қатардағы мамандарға дейін қайраткерлік танытып, ана тіліміздің айбынын, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату жолында ел көлеміндегі әртүрлі шараларға ат ізін суытпай қатысып жүреді. Соның ішіндегі ең сүбелісі – тілші ағайындармен әрқашан қоян-қолтық араласып, БАҚ пен интернет-ресурстарда тіл төңірегіндегі әртүрлі мәселе бойынша кәсіби маман ретінде пікір білдіру. Орталықтың Әдістеме басқармасының басшысы, жас ғалым Жазира Мақсұтқызы қатысқан Қазақ радиосындағы «Өзге тілдің бәрін біл...» деген тақырыптағы хабар – сондай келелі кеңес, сындарлы сұқбат құрған кездесудің бірі. Жүргізуші-редактор Ертас Жақыпбаймен арадағы диалогқа сәл құлақ түрсек:

«– Қазақ тілін қалай жылдам үйренуге болады?

– Біріншіден, таза ниет керек. Бүгінде мотивация деп жүрміз ғой. Екінші, сапалы материал. Яғни, әртүрлі деңгейдегі оқытудың формаларын, тіл үйреткіш құралдарды жетілдіру мәселесі. Соның ішіндегі ең оңайлысы да, қолайлысы да: қашықтан оқуды тиімді пайдалану. Орталықтың «Тіл әлемі» сайтының «Жобалар» бөліміне кіріп, тіл үйренудің инновациялық тәсілдерін жан-жақты пайдалануға болады».

Әлбетте, Әдістеме басқармасы қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту барысында көптеген жұмысты кешенді түрде атқарып келеді. Мәселен, биылғы ақпан айында қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде «Қазақ тілін үйретудің әмбебап оқулығы» жарық көрді. Әлі сиясы кеуіп үлгермеген кітаптың аты айтып тұрғандай, қазақ тілін үйренуге құлшынған отандастарымызбен бірге, шетелдік азаматтардың да сұранысын өтей алады.

Сұқбат барысында ана тілімізді әртүрлі деңгейде үйрену үшін «Тіл әлемі» сайтын пайдаланудың тиімділігі туралы жиі айтылды. Шынында, бұл интернет-ресурстан бірнеше ІТ жобалардан бастап, түрлі оқулықтарды таба аласыз. Қапы қалмаңыз, ағайын!

Тегтер: ТІЛ МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

149

ақпарат

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫНДАҒЫ ОРНИТОЛОГИЯЛЫҚ ЛЕКСИКА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ

196

ақпарат

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТҮРКІ ХАЛҚЫНА ОРТАҚ ҰЛЫ ТҰЛҒА

247

ақпарат

АХАҢНЫҢ АРУАҒЫНА АРНАЛДЫ