Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ

25.4.2022 743
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай 2022 жылғы 28 сәуір, сағат 14.00-де Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ «Білім беру бағдарламалары» орталығы «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» бөлімінің ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде оқыту» тақырыбында балабақша тәрбиешілеріне, бастауыш сынып мұғалімдері мен оқытушыларға арналған вебинар өтеді. Вебинардың мақсаты – ұлт ұстазының әдістемелік ұстанымдары мен тұжырымдарын, сауат ашу әдістемесінің қалыптасуына қосқан үлесін және ғалымның әдіс-тәсілдері мен шығармаларындағы жаратылыстану бағыты бойынша білімдер жүйесін тәжірибеде қолдану мәселелерін талқылау.

Вебинарда Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ «Білім беру бағдарламалары» орталығының қызметкерлері Жанат Қажығалиева «А.Байтұрсынұлының ағартушылық қызметі», Қаламқас Байтенова «А.Байтұрсынұлының әдістерін тәжірибеде қолдану», Гүлфар Мамырбек «А.Байтұрсынұлының әдістемесі» және ПеризатБиғазина «А.Байтұрсынұлы шығармаларын жаратылыстану сабағында қолдану» тақырыбында баяндама жасайды.

Вебинар соңында мұғалімдер арасында Ахмет Байтұрсынұлы «Әліппесінде» берілген тапсырмалар негізінде конкурс ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталады.

Вебинар ZOOM платформасында өтеді.

Конференция идентификаторы: 896 2092 3240

Код: 206284

Тегтер: А.Байтұрсынұлы-150, вебинар
Авторы: "Тіл әлемі"

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

519 Ақпарат

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

372 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР «НАУРЫЗ – ДУМАН» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ

310 Ақпарат

Ұлы күннің оралуы. Наурыз қазақпен қалай қауышты?