Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ТІЛ ҮЙРЕТУДЕГІ ОТАНДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ

5.4.2022 812
2022 жылғы 5 сәуір күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы осы тақырыпта республикалық онлайн семинар-кеңес ұйымдастырды.

Іс-шара модераторы Орталықтың әдістемелік басқарма басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Мақсұтқызы Искакова атап өткендей, үстіміздегі жылдың 15 наурызынан бастап, қазақ тілін үйретудің тәжірибелері туралы ойталқы-кеңес ұдайы ұйымдастырылып келеді.

Бүгінгі басқосудың мінбесіне көтерілген Назарбаев университетінің қазақ тілі оқытушысы, филология магистрі, докторант Айдар Қалайбердіұлы Балабеков «Тіл оқытудағы жаңа көзқарас: әдістеме мен тәжірибе» тақырыбында сөз қозғады. Әсерлі де мазмұнды әңгіменің әлқиссасы әлемге танымал Ғабит Мүсірепов пен Нельсон Мандела тәрізді қос тұлғаның төмендегі ой тұжырымдарымен басталды. Алғашқысы: «Тіл сөйлеу-сөйлесу, оқу-үйрену, жазу-сызу арқылы өседі. Бұл үшеудің біріне көңіл аудармау үлкен қылмыс. Этика, эстетика дегендердің тым нәзік сырларын әр халық өз тілінде ғана еркін түсінсе керек» десе, Нобель сыйлығының лауреаты: «Егер біреумен түсінікті тілде сөйлессең, тіл табыса аласың. Ал, оның ана тілінде сөйлер болсаң, ол сені жүрегімен түсінеді» деп түйінді пікір айтқан екен.

Осыдан-ақ, сөз төркіні қай бағытта өрбігенін аңғару қиын емес.

Бабалардан мирас болған асыл мұралар мен баға жетпес құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, адамзаттың өркениет көшінен орын алуында ана тіліміздің рөлі айрықша. Қазақ тілінің осы қасиетіне тоқталған Айдар Қалайбердіұлы өз дәрісін әрі қарай интерактивті қарым-қатынасқа, аудиториямен жанды байланысқа құрды. Алғаш байланысқа шыққан сарқандық Назым Асқарбекқызы оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру мәселесіндегі аударма тәсіліне тоқталса, өңірлердегі тіл үйрету орталықтарының мамандары сурет, қимыл-әрекет, ойын, сұқбат, тыңдалым арқылы оқытудың өзіндік ерекшеліктеріне назар аударды.

Семинар соңы қызу сұрақ-жауапқа ұласты.

«Ешкім ешнәрсені айдан алмайды, білгеніміз – тоғыз, білмейтініміз – тоқсан тоғыз». Бұл – Айдар Балабековтің ағынан жарылған лебізі. Сол айтқандайын, осы шараны ұйымдастырушылардың алдына қойған мақсаты – ана тілімізді оқытудың бай тәжірибесін алқаға ұсынып, сала жұмысын атқарып жүрген әлеуметтің кәдесіне жарату. Осы тұрғыдан келгенде ойға алған барлық онлайн семинар-кеңестер өз меже үдесінен шығып келеді, сондай-ақ, жалғасын таба беретін болады.

Тегтер: онлайн семинар-кеңес, отандық тіл үйрету әдістемелері
Авторы: "Тіл әлемі"

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

551 Ақпарат

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАЗУЫН ФЛЕКТИВ ӘЛІПБИЛЕРДЕН ҚҰТҚАРУ ҚАЖЕТ

623 Ақпарат

АЛҒАШҚЫ ТҮСІРІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ

681 Ақпарат

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ ТУРАЛЫ ҚҰНДЫ ҚҰЖАТ ТАБЫЛДЫ