Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Астана қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(717-2) 40-83-67

+7(717-2) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қапшағайды Қонаев атау ұсынысына Ономастика комиссиясы оң қорытынды берді

29.3.2022 272
Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтті.

Құрамында уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бар комиссия Алматы облысы әкімдігінің Қапшағай қаласын қайта атау туралы ұсынысын қарады.

Дәурен Абаев кез келген қаланы, елді мекенді немесе көшені қайта атау ономастика саласын реттейтін заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Комиссия келіп түскен ұсыныстарды қарайды және қорытынды береді. Ұсыныс оң баға алған кезде қайта атау туралы шешім Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

Отырыста комиссия мүшелері Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы ұсынысқа оң қорытынды берді. Жақын арада комиссияның қорытындысы дайындалып, заңнамаға сәйкес жұмыс жүргізу үшін Алматы облысының әкімдігіне жолданатын болады.

Қапшағай қаласын қайта атау туралы бастаманы Алматы облысының бірқатар үкіметтік емес ұйымдары жария етті, содан кейін бұл бастаманы Қапшағай қаласы мәслихатының депутаттары бірауыздан қолдап, Алматы облысының ономастикалық комиссиясына жолдаған.

Естеріңізге сала кетейік, 16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Алматы облысын Жетісу және Алматы облыстарына бөлуді ұсынған. Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы болады. Бұл ретте Президент Қапшағай атауын Қонаев деп өзгертуге қолдау көрсетуге әзір екенін білдірген.

Тегтер: Ономастика, Қонаев, Қапшағай, қала
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

189

ақпарат

В.ФОН ГУМБОЛЬДТТІҢ ЛИНГВОФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТІЛДІК МҰРАСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ИДЕЯСЫМЕН ҮНДЕСТІГІ

152

ақпарат

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМАШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

166

ақпарат

ДӘРІС БЕРУ ЖАЛҒАСУДА