Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Астана қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(717-2) 40-83-67

+7(717-2) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Алматы облысының тіл мамандары біліктілік курсынан өтті

18.3.2022 403
Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен 17-18 наурызда «Ақпараттық коммуникациялық технология дағдыларын оқыту үдерісіне ықпалдастыру» атты біліктілік арттыру курсы өтті.

Мемлекеттік тілді оқытудағы басты мәселе – оқу барысын жүйелі түрде жүргізу және тіл үйренушіге тиімді әрі заман талабына сай қолжетімді мүмкіндіктерді ұсыну. Ол үшін тіл маманы үнемі ізденісте болып, білімін жетілдіріп, бәсекеге сай, сұранысқа ие маман болуы тиіс. Сондықтан қазақ тілін оқытушылар мен әдіскерлердің біліктілігін жетілдіріп отыру басты міндет. Осы мақсатта Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы аймақтағы тіл мамандарына қазақ тілін оқытуда ТОП-5-тікке енген сайттар мен платформалармен таныстырып, олармен жұмыс жасаудың артықшылығы мен тиімділігіне байланысты мастер класс ұйымдастырды.


- Білім беру жүйесіндегі біліктілікті арттыру іс-шарасы аса қажетті өміршең үрдіс. Біліктілікті арттыру барысында, оқытушы жаңа теориялық мәселелер мен арнайы техникалық білім спектрін және біліктілік пен еңбек дағдысын кеңейтеді. Сонымен бірге ғылым мен технологияны байланыстырады. Сондықтан да Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында қызмет ететін 70-ке жуық маманның біліктілігін арттыру мақсатында курс ұйымдастырып отырмыз. Курс баршаңыз үшін пайдалы болады деген ойдамын және сәттілік тілеймін, - деп Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Р.Есдәулетов шараны ашып берді.

Дәрісті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы жүргізді. Ол бағдарламаға сәйкес қазақ тілін онлайн үйренуге мүмкіндік жасайтын және әдіскерлерге көмекші құрал қызметін атқаратын tilqural.kz, abai.institute, tilalemi.kz, tilmedia сайттарының мазмұнымен таныстырып, тиімділігін түсіндірді. Сонымен қатар ақпараттық-танымдық (Sozdikqor.kz , Termincom.kz, Emle.kz, Bala.kz, Qazlatyn.kz) сайттардың негізгі мақсат-міндеттерін түсіндіріп, аталған сервистердің тіл үйренушіге және жалпы қазақ тілін қолданушыларға аударма ісінде, сауатты жазуда, сөздік қолданысты таптырмас көмекші екендігін көрсетіп өтті.

Шара соңында «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж.Жолдыбаев курс қатысушыларына 16 сағаттық оқытушылардың біліктілігін арттыру курсынан өткендігін растайтын сертификат табыстады.





Тегтер:
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

189

ақпарат

В.ФОН ГУМБОЛЬДТТІҢ ЛИНГВОФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТІЛДІК МҰРАСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ИДЕЯСЫМЕН ҮНДЕСТІГІ

152

ақпарат

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМАШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

166

ақпарат

ДӘРІС БЕРУ ЖАЛҒАСУДА