Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Астана қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(717-2) 40-83-67

+7(717-2) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Отыз әдеби кітаптың таныстырылымы өтті

15.3.2022 242
​Бүгін елордадағы «Достық үйінде» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен және Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйытқы болуымен астаналық отыз қаламгердің кітабының таныстырылымы өтті. Аталмыш отыз кітап ел Тәуелсіздігінің тыз жылдығына орай шығарылып отыр. Олар негізінен проза һәм поэзиялық бағытта жазылған туындылар., деп хабарлайды Egemen.kz.

Достық үйінде» өткен салтанатты іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Ұлықбек Есдәулетов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Оралұлы, Парламент депутаты, ақын Қазыбек Иса, сатирик-жазушы Көпен Әмірбек, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Гүлнар Салықбай, әдебиеттанушы, сыншы Амангелді Кеңшілікұлы, ақын, филология ғылымдарының докторы Жанат Әскербекқызы, ақын, әдебиеттанушы Сұраған Рахметұлы, ақын Серікзат Дүйсенғазы сынды елордада тұратын зиялы қауым өкілдері қатысты. Ұйымдастырып әрі кешті жүргізген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлы.


.

Әуелгі сөзді қала әкімінің орынбасары Берік Оралұлы алды. Ол отыз жылдықта қазақ руханиятында болып жатқан елеулі өзгерістерді тілге тиек етті. Астана қаласында соңғы кездері болып жатқан мәдени-әдеби жаңалықтармен бөлісе келіп, алдағы уақытта астаналық қаламгерлер үшін бар жағдайды жасауға әкімшілік тарапынан оң шешімдер болатынын атап өтті.

.

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетов өз сөзінде Жазушылар одағының қазіргі жағдайы, хал-ақуалы, жұмыс барысы, туындап жатқан мәселелері мен атқарылып жатқан жұмыстары туралы егжей-текжейлі баяндап өтті. Қазіргі қаламгерлердің күй-жайын тілге тиек ете келіп, қалалық әкімдік тарапынан, әдеби өмірімізді дамытуға, елорданың рухани ажарын айшықтай түсуге барынша қолдау білдіруін талап етті.

,

Кеш соңына қарай Көпен Әмірбек, Амангелді Кеңшілікұлы, Сұраған Рахметұлы, Маржан Ершу қатарлы қаламгерлер сөз алып, бүгінгі әдебиеттің өзекті мәселелерін ортаға салды.

«Достық үйінде» өткен мәдени бас қосудың тағы бір салтанаты, Қазақстан Жазушылар одағына жаңа мүшелердің қабылдануы болды. Қара шаңыраққа мүше болған барлық жас қаламгерлерге құтты болсын айтамыз!

Тегтер:
Авторы: Гауһар Қапаш, "egemen.kz"

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

212

ақпарат

В.ФОН ГУМБОЛЬДТТІҢ ЛИНГВОФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТІЛДІК МҰРАСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ИДЕЯСЫМЕН ҮНДЕСТІГІ

154

ақпарат

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМАШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

168

ақпарат

ДӘРІС БЕРУ ЖАЛҒАСУДА