Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Семейде қазақ тіліндегі жарнамалардан 70-тен астам қате табылды

22.2.2022 3484
Семей қаласының көшелерінде қазақ тіліндегі көрнекі жарнамалардан 70-тен астам қате анықталды.
«Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша Семейде іс-шаралар жоспары бекітілген. Нәтижесінде тілдерді оқыту орталықтарында былтыр 719 адам қазақ тілін тегін үйренді. Арнайы жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша шаһарда мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі – 98% құрап отыр», - делінген қалалық Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мемлекеттік тілді ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру» идеясын жүзеге асыру мақсатында «Тіл қорғандары» еріктілер тобы құрылған. Бұл топ түрлі салаларда қазақ тілін қолдану кезінде жіберілген қателіктерді анықтаумен айналысады.

«Өткізілген мониторингілер барысында 302 объект қамтылды. Шара аясында заңнама талаптары түсіндіріліп, Семей қаласының тілдерді оқыту орталығымен әзірленген сөздіктер таратылды. Көшелердегі көрнекі жарнамалардан 74 қате анықталды. Бүгінде 48 объекті олқылықтың орнын толтырды», - деді қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина.
Тегтер: жарнама, қате жарнама, емле.кз, Семей
Авторы: ulysmedia.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

8481 Тіл райы

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ. БҮГІНІ. КЕЛЕШЕГІ

19731 Тіл райы

Сіздерде бәрі орысша...

2498 Тіл райы

Көрнекі ақпараттағы қазақ тілі: он мыңнан астам шағым түскен