Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Астана қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(717-2) 40-83-67

+7(717-2) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

"Қазақ тілі" оқулығы Түркияның Хаджеттепе университетінде апробациядан өтті

18.2.2022 280
Шетелдегі қазақ диаспорасына арналған әмбебап оқулық "Қазақ тілі" оқулығы (А1, А2 деңгейлерінде) Түркияның Анкара қаласындағы Хаджетепи университетінде апробациядан өткізілді.

"Шетел қазақтарына қазақ тілін оқытатын әмбебап оқулықтар көп емес. Сондықтан "Қазақ тілі" әмбебап оқулығын шығару бастамасының өзі үлкен жоба. Оқулықтың құрылымы, әдістемесі, практикалық тапсырмалар жақсы берілген. Қазір біз қазақ-түрік тіліндегі оқулықты апробациядан өткізіп жатырмыз. Ішінара түзетулерді қажет ететін мәселелер бар, оны бірге түзетеміз деп ойлаймын",- дейді Хаджеттепе университеті оқытушысы, "Көк Ту" қазақ мәдениеті қоғамы, қазақ тілі курсының үйлестірушісі Салтанат Ұзақбайқызы.

Қазақ тілі А1, А2 әмбебап оқулығы 6 тілде әзірленді. Оқулықтың мақсаты - шетелдегі қазақ диаспорасына арналған әмбебап оқулығы тіл үйренушілердің тілдік қарым-қатынас әрекеттері мен тыңдап-түсіну, жазылым, сөйлесім, дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

Міндеттері:

- ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау;

- қажеттілікке сай сұрақтар қою;

- қарапайым сұрақтарға жауап беру.

Оқулық құрылымы мен берілген тапсырмалар күнделікті жағдаяттарға негізделіп жасалған.

Айта кетейік, «Қазақ тілі» (А1-А2 деңгейлері) әмбебап оқулығының тұсаукесері 2022 жылдың 21 ақпанында сағат 11:00-де онлайн режімде (ZOOM платформасында) өтеді.

Тегтер:
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

212

ақпарат

В.ФОН ГУМБОЛЬДТТІҢ ЛИНГВОФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТІЛДІК МҰРАСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ИДЕЯСЫМЕН ҮНДЕСТІГІ

154

ақпарат

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМАШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

168

ақпарат

ДӘРІС БЕРУ ЖАЛҒАСУДА