Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Семинар-кеңес өтті

6.9.2016 2801
Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен үстіміздегі жылғы 6 қыркүйекте «Ономастика және көрнекі ақпарат: міндеттер мен ұсыныстар» атты өңірлік семинар-кеңес өтті.  

Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген мақсаттар мен міндеттердің бірі кезең-кезеңімен қоғам өмірінің негізгі салаларында тіл мәдениетінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру арқылы географиялық объектілердің атауларын мемлекеттік тілде жазу, оны орыс және басқа да тілдерде транслитерациялаудың ережелерін әзірлеу, көрнекі ақпараттар мен жарнама мәтіндерін рәсімдеуді біріздендіру мен үйлестіру және бақылау болып табылады.

Осы мақсат-міндеттерге қол жеткізу үшін 2013 жылдың 21 қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Осы заң мен одан туындайтын нормативтік құқықтық актілер негізінде Ономастика саласындағы жұмысты жүйелеу және үйлестiрудi одан әрi дамыту мәселесін шешудің жолдары үнемі жетілдірілуде. Ұйымдастырылып отырған республикалық семинар-кеңес кешенді шараның жоспарлы бөлігі болып табылады.

Семинар-кеңесте еліміздегі ономастикалық ахуалға кешенді шолу жасалып, ономастикалық жұмыстардың бүгінгі жай-күйі мен оны жетілдіру жолдары көрсетілумен бірге көрнекі ақпараттың дұрыс орналастырылуы мен жазылуын қалыптастыру бағыттары қарастырылып, өңірлердегі ономастикалық жұмыстарды оңтайландыру үшін нақты әдістемелік ұсынымдар берілді. Сондай-ақ көрнекі ақпараттардың тілі мен рәсімделуі, ономастикалық бірыңғай электрондық база құру, тәуелсіздік мұраттарына сай кей атауларды өзгерту тәрізді өзекті мәселелер де жан-жақты талқыланды.

Саладағы қордаланған мәселелерге оң шешім іздеу мақсатында семинар-кеңестің жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мамандары, жетекші ғалымдар, облыстық тіл басқармаларының басшылары мен сала мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Тегтер: қазақ тілі, ономастика,
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

189 Ақпарат

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ӘРІПТЕСТІГІ АЯСЫНДА

216 Ақпарат

35 КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

541 Ақпарат

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ