«Тіл және қоғам», «Терминологиялық хабаршы» журналдарын әзірлеу ережесі

07 ақпан, 2022

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Тіл саясаты комитеті

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

«Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Тіл және қоғам» электрондық альманағын, «Терминологиялық хабаршы»электрондық бюллетенін әзірлеудің

ЕРЕЖЕСІ


ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша жаһандану кезеңіндегі қазақ тілін дамытудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-публицистикалық мақалаларды қабылдау талаптарын белгілейді.


ҰСЫНЫЛАТЫН ЕҢБЕКТЕРДІҢ МАЗМҰНЫ

«Тіл және қоғам» альманағында жарияланатын мақалалар мазмұны төмендегілерді қамтуы тиіс:

  • Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жолдары, олардың нәтижелері;
  • Қазақ тілінің қоғамдағы атқаратын рөлі мен тілді дамытудағы өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары, шетелдік тәжірибелер мен олардың нәтижелері;
  • Әлеуметтік салалар бойынша қазақ тілінің даму жолдары, нақты көрсеткіштер, республика көлемінде тәжірибеге енгізу жолдары;
  • Қазақ тілін өзге ұлттарға оқыту әдістемелерін жетілдіру жолдары, ерекшеліктері, практикада қолданысы;
  • Қазақ тілінің жаһандану кезеңіндегі проблемалары, шешу жолдары, өзекті мәселелер, шетелдік тәжірибелер мен олардың шыққан нақты нәтижелері мен көрсеткіштері;
  • Қазақ тілін оқыту орталықтарында оқытудағы өзекті мәселелер, тіл меңгеру ынтасын арттыру жолдары;
  • Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау тәсілдері, қазақ тілін меңгеруді міндеттеу тәсілдері, қазақ тілін оқыту әдістемесін жүйелеуге ықпалы, әлемдік тәжірибе;
  • Латын графикасына көшудің қазақ тілінің дамуына қосатын үлесі, ықпалы,кезең-кезеңімен көшіру бағыттары.


«Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетендерінде жарияланатын мақалалар мазмұны төмендегілерді қамтуы тиіс:

  • Салалар бойынша жаңа терминдер мен олардың негіздемелері, жаңа терминдердің шығу тегі, тарихы, мазмұны;
  • Терминдерді біріздендіру мен іріктеудің мәселелері, оларды шешу жолдары, шетелдік тәжірибелер, олардағы қолданыстағы критерийлер мен олардың қазақстандық ортаға бейімділік талаптары;
  • Терминдердің қоғамда қабылдану жолдары, олардың тәсілдері, тәжірибелер мен нақты нәтижелер, байқау нәтижелері;
  • Бұқаралық ақпараттағы терминдерді пайдаланудың өзекті мәселелері, проблемеларды шешу жолдары, қазақ терминологиясын дамытудағы рөлі;
  • Терминдердің қолданыстағы сипаты, өміршеңдігі немесе өміршең еместігінің белгілері, проблеманы тудырушы факторлар, тәжірибелер мен олардың нәтижелері, статистикалық мәліметтер;
  • Терминдерді іріктеу мен бекітудің талаптары мен бейімдеу жолдары, проблеманы шешу жолдары, тәжірибе, статистикалық мәліметтер.


ҰСЫНЫЛАТЫН МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  • Ұсынылған мақалалар бұдан бұрын жарияланбаған болуы тиіс;
  • Мақала мәтіні Microsoft Word редакторында жазылған, шрифт Times New Roman, өлшемі 14 пт, аралық 1, өрістер - барлық жерде 2 см;
  • Мақаланың көлемі 5-7 бет;
  • Мақала атауы бас әріптермен, авторлар туралы толық деректер курсивпен (аты-жөні, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі) жазылады;
  • Пайдаланылған әдебиеттерге қойылған сілтемелер нөмірі мен беті тік жақшамен көрсетіледі [1, 15];
  • Мақалалар Tilqogam@gmail.com электронды поштасы арқылы 2022 жылғы 30 қазанға дейін қабылданады.


МАҚАЛАЛАРДЫ ЖАРИЯЛАУ

  • Электрондық журналдарға редакцияның сараптауынан өткен мақалалар ғана жарияланады;
  • Жарияланған мақала авторларына белгіленген мөлшерде қаламақы төленеді;
  • Электрондыжурналдар «Tilalemi.kz», «Termincom.kz» және сайттарында орналастырылады.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 44-19-81, 8-701-109-76-14


Баға беріңіз