Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Астана қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(717-2) 40-83-67

+7(717-2) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Кофе және әдебиет 3

7.2.2022 263
Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып ойланасың: егер қоғам­дағы «жоғалған оқырман» алда-жалда кітап оқимын десе, қазақ әдебиеті қолжетімді ме? Жал­пы, біз осы отыз жылда қа­зақ­тілді кітаптардың контентін қа­лыптастыра алдық па?

Әлемдік статистика бойынша киноиндустрия мен кітап саудасын салыстырсақ, кітап шы­ғару әлдеқайда көбірек пайда әкеледі. Бұл тұжырымды естіп, білгенімізбен еліміздегі баспа са­ласы мен кітап нарығының жағ­­дайы оңалар емес. Мәселен, қазір­гі таңда 300-ге жуық баспа мен 800-ге тарта баспахана жұмыс істейді. Сонда да қоғамда кітап өндірісінің имиджі төмен. Оған себеп, кітап басып шығаруда нақ­ты жүйе мен маркетингтің жоқ­тығы. Содан болар, кітап сатудан түсетін табыстың тек 25 пайызы ғана отандық өнімге тиесілі.

Қазақстан баспаларынан шы­ғатын кітап өнімдерінің 80 па­йызын оқулықтар құрайды. Ал нарықтағы өзге кітаптардың 80 пайызы – ресейлік баспалар­дан шығатын кітаптар. Отан­дық кітаптар аз таралыммен шы­ға­тындықтан, сатылымда көп кез­деспейді. Яғни бұл ком­мер­циялық бағытта кітап нарығы дамымай отырғанын көрсетеді.

Ал жаңа шығып жатқан қа­зақ­ша кітаптардың көп бөлігі мемлекеттік мекемелерге үлес­тіріледі. Соңғы уақытта ғана қа­зақ авторларының жинақтары бірнеше кітап дүкендерінде сатылып, қазақ кітап дүкенінің контенті қалыптаса бастағандай. Алайда олар да республикалық кеңістікті бағындыра алмай отыр.

Мәселен, қазіргі таңда «Ата­мұра», «Жазушы», «Фолиант» баспаларының кітап дүкендерінен бөлек Qazyna, Qasym kіtap­hanasy сериясы, akel.kz, ZIYAT, сондай-ақ әр өңірдегі кітап дүкендері жұмыс істеп тұр.

Ресми дерекке сүйенсек, Қа­зақстанда кітап саудасымен айналысатын 137 кәсіпорын тіркелген екен. Соның бірі – бүгінгі кітап нарығында «Меломан» дүкенінің үлесі зор екенін де айта кетейік. Бұл дүкенде кітап тез әрі көп өте­тіндіктен беделді саналып отыр. Монополия болған соң, тауар­ларының бағасы да жоға­ры. Осыдан, шамамен екі-үш жыл бұрын «Меломанда» қазақ кітап­тарына арналған бұрыш ашылды. Сол кездері қазақ әде­бие­тінің классикалық туындылары сатылымға қойылған еді. Алайда бұл көрсеткіш отандық кітап дүкенінің қазақ авторларына кенде екенін байқатады. Ал кейінгі авторлардың «Мело­манға» деген базынасы бөлек. Яғни оған кітап өткізу үшін қа­лам­гердің ЖК немесе ЖШС болуы тиіс. Бұдан бөлек кітабының дизайны мен сапасына ерекше көңіл бөледі. Ал келісімшарты бойынша кітаптың бағалануына байланысты 50-70 пайызға дейін үстеме ақы қосылады. Осы себептен де республикадағы ірі монополиялық кітап дүкені, негі­зінен шетелдік кітаптарды сататын орынға айналған.

Эйнштейн: «Бір нәрсені іс­теуді жалғастыра беріп, бірақ одан басқа нәтиже күту бекер­шілік» дейді. Отандық кітап на­ры­ғындағы бүгінгі ахуал, әрине баспа саласына тікелей байла­ныс­ты. Баспа өндірісіндегі жасалып жатқан азды-көпті іс-әрекет бұл қауқарсыз амалдан нәтиже шықпайтынын әлденеше рет көрсетіп отыр. Сондықтан қоғамда қазақтілді кітаптардың контентін қалыптастыру үшін ең алдымен, негізгі ошақ – баспа өндірісін бір жүйеге келтіру керек-ті.

Тегтер:
Авторы: Маржан Әбіш, "egemen.kz"

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

213

ақпарат

В.ФОН ГУМБОЛЬДТТІҢ ЛИНГВОФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТІЛДІК МҰРАСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ИДЕЯСЫМЕН ҮНДЕСТІГІ

155

ақпарат

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМАШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

168

ақпарат

ДӘРІС БЕРУ ЖАЛҒАСУДА