Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Астана қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(717-2) 40-83-67

+7(717-2) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

"Termincom.kz", "Tilqural.kz" сайттары туралы мәлімет уикипедияға енді

4.2.2022 379
Тіл саясаты комитетінің тапсырмасы бойынша "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы әзірлеген "Termincom.kz", "Tilqural.kz" сайттары туралы ақпарат уикипедияға енгізілді.


Терминком — қазақ терминологиясы жайлы толық мәлімет беретін сайт. Сайт Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы терминологиялық комиссия бекіткен терминдерді пайдалану үшін, салааралық терминологиялық қорды біріздендіру және жетілдіру үшін пайдаланылады. Сайт 2016 жылы 20 қазаннан бастап іске қосылған.


Сайт мүмкіндіктері:

  • қазақ немесе орыс тілінде енгізілген терминдердің автоматты түрде аудармасын көрсетеді;
  • терминнің қай салаға тиесілі екендігі және қай жылы бекітілгендігі туралы ақпарат береді;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминологиялық комиссия мүшелері бекітуге ұсынылатын терминдерді сайттың Алаң бөлімінде талқылайды, дауыс береді, пікір қалдырады, ұсыныстарын береді;
  • Алаңнан кейін Комиссия отырысында талқыланған терминдер шешім шыққаннан кейін «Termincom.kz» сайтының «Термин» бөлімінде жарияланады.

Қазіргі уақытта сайт қорында 379465 термин бар, 31611 термин Республикалық терминология комиссиясында бекітілген. Мектеп терминологиясы бөлімінде 2254 термин сынып және пән бойынша жинақталған.

«Termincom.kz» сайтының iOS және Android жүйелеріне арналған мобильді қосымшасы бар.

Тіл-Құрал(Til-Qural) – ойын тәсілдерін қолдана отырып, қазақ тілін үйренуге және қолдануға арналған тегін платформа. Сервиске тіркелгеннен кейін tilqural.kz веб-порталда, iOS, Android операциялық жүйелері бар мобильді қосымшаларда қолжетімді.

Tilqural қазақ тілін өз бетінше үйренудің 5 деңгейінен тұрады:

  • А1-қарапайым деңгей;
  • А2-базалық деңгей;
  • В1-орта деңгей;
  • В2-ортадан жоғары деңгей;
  • С1-жоғары деңгей.

Әр деңгейде бірнеше тақырыптық сабақтар бар. Пайдаланушы әр тақырыптық сабақты жаңа сөздерді үйренуден бастайды. Әрі қарай пайдаланушы үйренген сөздерін тыңдап, оқып, жаза алады. Және сөйлеуді бекіту үшін жаттығуларды орындайды. Сондай-ақ әр сабақта пайдаланушы жаттығулардың көмегімен жаңа сөздерді бекітеді. Жеке кабинетте пайдаланушыға оқу барысы көрсетілген журнал қолжетімді.

Tilqural қолданушыға қызық материалдар арқылы қазақ тілін үйретеді:

  • бейнероликтер – орыс тіліндегі субтитрі бар қазақ тіліндегі фильмдер мен мультфильмдерден үзінділер;
  • мәтіндер – қазақша мәтіннің дыбысталуы және мәтіннің орысша аудармасы бар қазақстандық және шетелдік шығармалардан үзінділер;
  • қазақ тіліндегі фразалардың аудио дыбысталуы және орыс тіліне аудармасы бар тақырыптық фразалар (70 санат);
  • сабақтардан алынған сөздердің тақырыптық сөздігі.

Сондай-ақ пайдаланушылар қазақ тілін өз бетінше үйренуге арналған түрлі оқулықтарды pdf форматында жүктей алады.

Tilqural сервисінде өз курстарын, топтарын құруға және курсқа басқа қатысушыларды шақыруға мүмкіндік бар.

Tilqural-да тіл үйренудің барлық функциялары тегін.

Тегтер:
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

212

ақпарат

В.ФОН ГУМБОЛЬДТТІҢ ЛИНГВОФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТІЛДІК МҰРАСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ИДЕЯСЫМЕН ҮНДЕСТІГІ

154

ақпарат

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМАШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

168

ақпарат

ДӘРІС БЕРУ ЖАЛҒАСУДА