1 млн теңге кімге бұйырады?

Ертең сағат 16.00-де Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының қорытынды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

29 қараша, 2021

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті және «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Республикалық конкурсқа журналистерден 300-ге жуық материал келіп түсті. Ережеге сәйкес ел аумағындағы БАҚ-та жарияланған журналистік еңбектердің мазмұны мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту, мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалын талдау және оған мониторинг жүргізуге бағытталған.

Конкурсқа ұсынылған еңбектерді елімізге белгілі журналистер мен филолог ғалымдардан құрылған арнайы қазылар алқасы сараптап, жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады.

Конкурстың қорытындысы бойынша «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша жүлдегерлер мен бас жүлде иесі марапатталады. Бас жүлде иегеріне 1 000 000 теңге табысталады.

Іс-шараға зиялы қауым және БАҚ өкілдері, конкурстың жеңімпазы мен жүлдегерлері, өнер адамдары қатысады.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы 23-15 көшесі, 8/1

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театр Кіші залы

Байланыс телефоны: 8 (7172) 27-71-33, 87076864474, 87075333873


Баға беріңіз