Қазақ тіліне үйретуге арналған оқулықтың тұсаукесері өтті

Бүгін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы әзірлеген «Қоғамдық орындарда қызмет көрсетушілерге арналған оқу құра...

17 қараша, 2021

Осы республикалық шараға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері, әр облыстағы тіл дамыту басқармаларының басшылары, республикалық, өңірлік тіл оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері қатысты.

Аталған оқу құралының маңызы – қоғамдық орындарда қызмет көрсетушілердің, оның ішінде сауда қызметкерлерінің халыққа қазақ тілінде қызмет көрсетуі үшін қарапайым сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Оқу құралының электронды дискісі бар, сонымен қатар тіл үйренушілерге ыңғайлы болу үшін QR кодталған сілтемесі бар плакат әзірленген.

Қазіргі таңда Қарағанды облысында шағын және орта бизнес өкілдерін оқыту үшін ұйымдастырылған қысқа мерзімді курстарда «Қоғамдық орындарда қызмет көрсетушілерге арналған оқу құралы» қолданылып, курс тыңдаушыларының қызығушылығына ие болды.


Баға беріңіз