Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Мемлекеттік тілге қоғамның сұранысы артып келеді

22.10.2021 207
Мемлекеттік тілге деген қоғамның сұранысы артып келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының мақсатын түсіндіру кезінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, бірінші бағыт - Елбасының бағдарламалық мақаласында қамтылған идеялардың «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ары қарай ілгерілету. Осы орайда мемлдекеттік тілді дамыту міндеті жекелей белгіленген.

«Жалпы, осы блок бойынша 38 жоба жоспарланған. Олардың түпкі мақсаты - ұлттың шығармашылық әрі зияткерлік әлеуетін қолдау мен дамыту. Бұл бағыттың екінші маңызды міндеті – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Өйткені, «ұлтты сақтау» дегеніміздің өзі – тілді сақтап, дамыту екені белгілі. Мемлекет басшысы қазақ тілінің болашақта – ұлтаралық тілге айналатынына сенім білдіргенін білесіздер. Оған бүгінде барлық негіз бар. Мемлекеттік тілге деген қоғамның сұранысы артып келеді. Бұл – уақыт талабы», деді А. Балаева.

Осы орайда ол бұл мәселеде бірқатар ауқымды жоба қарастырылып отырғанын жеткізді.

«Атап айтқанда, мемлекеттік тілді оқыту бойынша инновациялық ІТ-өнімдер әзірлеу, танымал анимациялық және танымдық арналарды қазақшалау, орта білім берудің тілге қатысты бағдарламаларына өзгерістер енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін қазақ тіліндегі оқулықтар әзірлеу сияқты жүйелі іс-шаралар бар. Бір сөзбен айтқанда, мақсатымыз – қоғамдағы қазақтілді ортаны барынша кейейту, оны тұрмыста ғана емес, ғылым мен білімнің, бизнес пен әлеуметтің тіліне айналдыру», деді министр.



Тегтер:
Авторы: Egemen.kz.

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

132

ақпарат

Туризмді қазақша сөйлетті

250

ақпарат

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жүлдегерлері анықталды

282

ақпарат

1 млн теңге кімге бұйырады?