Қазақша тіл таңдамаймыз!: Сбербанк банкоматындағы ескертпеге қатысты қоғам қайраткері пікір білдірді

Түркістан қаласындағы «Сбербанк» банкоматында жапсырылған «Қазақша тіл таңдамаймыз, себебі банкомат істемей қалады» деген ескертпесі желі қолданушыларының ашуын туғызды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

21 қазан, 2021

Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов «Сбербанк» банкоматында жапсырылған ескертпені Facebook парақшасында бөлісті.

«Сбербанк Казахстанға көзқарасы?! PS: Банкомат Түркістан қаласындағы #Сбер банк филиалында», - деп жазды Тұтынушылардың құқықтарын қорғау коалициясының төрағасы Мұрат Әбенов Фейсбук парақшасына.

Сондай-ақ, желі қолданушысы Әкім Тұрсын да дәл осындай суретпен бөлісіп,пікір білдірді.

«Түркістан, #сберленгендіктеріңізбен! «Сбербанк Қазақстан», бұл қалай сонда? Банкомат Түркістан қаласындағы «Сбербанк» филиалында орналасқан», – деп жазады желі қолданушысы Әкім Тұрсын.

Баға беріңіз