Тілді қорғағаны үшін кінәлі болмақ

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде қоғам белсендісі, тіл жан­а­шыры Руза Бейсенбай­те­гінің қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған еді. Мәселенің мән-жайын анықтап, кейінірек «Nur Otan» па...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

15 қазан, 2021

Депутат «Барлық мәселе ше­шілді. Қазір ол кісі үйінде. Еш­қандай проблема жоқ. Тек қоғам­дық орында тәртіп бұзғаны үшін азғантай айыппұл төлейтіні бар» деген еді.

Оның айтуынша, тіл мәсе­ле­сіне байланысты кішігірім жан­жал Халыққа қызмет көрсету ор­талығында болған екен. Сол жан­­жалды біреулер видеоға тү­сіріп, полицияға шағымданыпты.

Бұл оқиғаға байланысты Руза Бейсенбайтегіне хабарласып, мәселенің анық-қанығын білдік.

– Руза апай, қанша жылдан бері қазақ тілінің жанашыры бо­лып, шырылдап жүрсіз. Одан бө­лек, қандай қоғамдық жұмыс­тар­мен айналысасыз?

– Көші-қон полициясы пайда болғалы оралмандарды тіркеу үшін жиі барып тұрамын. Тіркеуде барлығы 60-тай адам болды. 3 жыл бұрын барғанымда көші-қон полициясы 28 адам тұр деп, тізі­мін берді. Басқалары шығып кет­кен. Солардың бір бөлігін ХҚКО арқылы, азаматтығын ала алма­ғандарды көші-қон арқылы тір­кеп жүрдім.

2009 жылы «Сарыарқа» газе­тіне «Оралмандар тұрақты тіркеу таба алмай қиналады» деген ма­қала шықты. Газетті қолыма алып, Көші-қон басқармасының басты­ғына кірдім. «Осындай да осын­дай, қанша жіберсеңіздер де, сонша тіркеймін» деп айттым. Сосын олар тіркеусіз жүргендерді жібере бастады. Кейін адамдардың өздері де бір-бірінен естіп, келе бастады. Ешкімнің меселін қайтармадым.

Ал тілге қатысты айтар бол­сам, осы мәселе алдымнан кесе-көлденең шыға береді. Кейбір басшылар «түзейміз» деп уәде бе­реді, кейбірі «ресми тілде қыз­мет етуге құқымыз бар» деп ай­тады. Сосын 2016 жылдан бастап видеоға түсіре бастадым. Бұл да еш әсер етпеді. Кезекті рет барсаң, тағы кілең орысша ақпарат, орыс тіліндегі қызмет қана шығады алдыңнан. Қазақ тіліндегі блан­кіні сұрайсың. Кейде тіпті ай­ғайлап аласың…

– Кешегі оқиға бәрімізді бей­жай қалдырмады. Оқиға неден басталды?

– Кешегі оқиға да солай бас­талды. Сағат 18.00-де ресепшннен бастап орысша қызмет болды. Қазақшасын әрең алдық. Бланк­тердің де қазақшасын сұрап ал­дық. Орысша жазылған бланкі­лер­ді видеоға түсіріп алып, Е.Әу­бәкіров деген басшысына бар­дым. Ол келген балаларды «ал­қы­мы­нан» алғандай, «кімсіңдер, қайдан, не себепті?» дегендей сұ­рақтармен тықсырып бастады. Шы­­­дамай «тек келген шаруа­ла­ры­ңа қатысты жауап беріңдер» дедім.

Бір қағаз дұрыс толтырылмаған соң келесі күні, яғни 7-сі тағы кел­дік. Осы жолы ресепшнде тұр­ған қыз қазақша жауап берді. Демек, қазақша сөйлей алады деген сөз. Ал бума-бума бланкілер, үстел үстіндегі көрнекі құралдар сол күйінде орыс тілінде тұр. Тағы арызданып, тағы видео түсіріп, біраздан соң қайта келсем тағы орысша болатынын білгендіктен, ақпараттың барлығын жұлып алдым да, маған «ақшаға тіркей­сің» деп жала жапқан, күш қол­данбақшы болған бастықтарының алдына тастай салдым. Мемле­кеттік қызметкердің бірі «ұлт­аралық араздықты тудырмақ бо­лып отырсыз», – деді. 1997 жылы шыққан Тілдер заңының 4-ба­бында: «Қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi» деп жа­зылған. Ал оның айтып тұрғаны – осы. Соған қатты ызаландым. Сөз­дерімнің арасында «қатын» дегенді пайдаланған шығармын, сосын ол «мені балағаттадың» деп арыз түсірген. Әрі «көрнекі ақпа­ратты жырттың» деген айып тағы бар. Ал барлық видеоларым Facebook парақшамда тұр.

– Депутат Ерлан Саиров сіздің азғантай айыппұл төлейтініңізді айтқан еді. Мәселе қалай шешілді?

– Сот әлі болмады. Бірақ не үшін 1 тиын болса да, айыппұл төлеуім керек? Жылдар бойы мем­лекеттік мекеменің мемле­кет­тік тілді жолатпай келе жатқаны үшін бе? Керісінше, олар өз қал­таларынан қазақша көрнекті ақ­паратпен қамтамасыз етуі керек. Неліктен біздің салық төлеуші­лердің ақшасына тек орыс тілінде көрнекі ақпарат алынуы керек? Қазақтілді бланкілер жоқ емес, бар. Бірақ оларды сұрап алу керек. Басшылығына шағым айтып кеткеннің өзінде ертесіне орыс ті­ліндегі бланкілер жатты. Сон­дықтан қандастарға қазақша қыз­мет, қазақша бланкі ұсынады де­генге сенбеймін.

– Әкімшілік іс кейінге қал­дырылған секілді. Демек, мұнымен тоқтаған жоқ па?

– Иә, тоқтаған жоқ.





Баға беріңіз