Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Не үшін Қозының есіміне көрпеш сөзі тіркесті?

13.7.2021 238
Біле жүріңіз! Көрпеш деген не?

Көрпеш

1. (Сем., Абай; Алм.: Іле, Еңб. қаз.; Гур., Маңғ.; Қарақ.; Түрікм.: Красн., Таш.) кенже туған қозы.

Бұл уақытта көрпештер семіз келеді (Сем., Абай).

Ыбралы шал сегіз бір көрпешін де сатқан жоқ (Гур., Маңғ.).

Көрпешке арналған қораның да мәні жоқ (Түрікм., Красн.).

2. (Жамб., Шу; Шымк., Мақт.) есейген кебе қозы.

Корынған ақ көрпеден қозы көрпеш,

Мұздаған бүрсең қағып лақ-серкеш (Жамб., Шу).⠀

Қазақ тілінің аймақтық сөздігі /Құраст. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 824 б.

✳️ Мезгілінен кешірек туған қозы.

Көрпеш қозы деп әдетте мезгілінен кенже туған қозыны айтады (Е.Домбаев, Шығ.).⠀

Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 8 - том / Құраст.: Қ. Күдеринова, О.Жұбаева, М. Жолшаева және т.б. - Алматы, 2011. - 744 б.

КӨПЕЙ / КӨРПЕШ / КӨРПЕЛДЕС ⬇️

мезгілінен кеш, кенже туған төлдерді білдіретін атау. Малдар төлдеп болғаннан кейін өзгелерінен кешірек туған көпей өзгелерге қарағанда кішілеу болады. Ол, көбінесе қой-ешкі төліне қатысты айтылады ( көпей қозы, көпей лақ ). Көшпелі шаруашылық жағдайында кеш туған мал төлі қыста аязға дейін денесі толысып, қоң жинап үлгермейтіндіктен шығынға ұшырау жағдайы жиі кездеседі. Сондай-ақ, бағу және көшу кезінде көпей қиыншылықтар тудыруы мүмкін.

Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 3-том. – Алматы: РПК "Слон" DPS, 2012. – 736 б.

Қосымша ақпарат

Тегтер: қазақ тілі, сөздің мағынасы, значение слов, слова, состав слова, сөз, сөз тіркестері, сөйлем, көрпеш, қозы көрпеш, баян сұлу
Авторы: tilalemi  ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

87

ақпарат

Қазақ тілін оқыту әдістемелерін жүйелеу бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

253

ақпарат

Тіл үйрету – күн тәртібінен түспейтін міндет

236

ақпарат

"Мен қазақша сөйлеймін" акциясына қатыс!