Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Республикалық онлайн семинар өтті

9.7.2021 801
ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен облыстардағы тілдерді оқыту орталықтарының тіл үйретудегі шетелдік және отандық инновациялық технологияларға негізделген жүйесі бойынша тіл оқытуда әзірлеген әдістемелік өнімдерін насихаттау мақсатында «Мемлекеттік тілді үйретудегі заманауи әдістемелік өнімдер» тақырыбында республикалық онлайн семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: облыстардағы тілдерді оқыту орталықтарының оқу-әдістемелік ресурстарымен (оқу бағдарламалары, оқу құралдары, оқу әдістемесі, инновациялық өнім, оның ішінде цифрлық оқыту бойынша) таныстыру арқылы өзара тәжірибе алмасу, оқытуды біріздендіру жолдарын қарастыру, орталықтың оқытушы-әдіскерлерінің шығармашылық ізденістерін ортаға салу және мемлекеттік тілді оқыту бойынша озық идеялар ұсыну және ІТ саласының динамикалық өзгерісіне ілесе алатын педагогтің ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Семинарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетінің Әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының басшысы Айнагүл Қожаназарқызы Көкенова қатысты.

Семинарды Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығы бастады. Әсіресе, QR-код заманауи диктанттар мен мазмұндамалар жинағы көшіліктің көңілін аударды. Жинақта (бақылау, сөздік, суретті, түсіндірмелі, көру т,б) түрлерімен қатар заманауи диктант түрлері (бейне диктант, графикалық, шығармашылық, сүйену, жүгіру, ысқыру т.б) мен мазмұндамалар жинағы таратпа материалдарымен, дыбысталуымен берілген.

Сонымен қатар тіл үйренушілерге арналған кеспе карточкаларының ерекшелігі – тақырыптық, жағдаяттық сөздіктер, дайын сөз орамдары сурет түрінде QR-код арқылы онлайн базасында және YouTube каналында орналастырылған.

Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының YouTube каналында қазақ тілін үйренуге арналған 24 сағаттық сабақ, ағылшын тілін қазақ тілінде үйренуге арналған сабақтар топтамасы, 34 сериялы қысқаметражды жағдаяттық бейнероликтер екі тілде субтитрымен, лексикалық минимум мен дайын сөз орамдарын бекітуге арналған подкасттар әзірленген.

Бұдан шығатын қорытынды әр өңірдегі тіл үйрету орталықтарының жоғары қарқынмен талапқа сай жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын көрсетеді.

Шараны Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директорының орынбасары Лиза Қожаққызы Есбосынова қорытындылады.

Шара соңында қатысушылар ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Тегтер: әдістеме, семинар
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

36

ақпарат

Туризмді қазақша сөйлетті

178

ақпарат

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жүлдегерлері анықталды

244

ақпарат

1 млн теңге кімге бұйырады?