«АҚЫЛДЫ ТЕНТЕКТЕР» – АМЕРИКАДА

«AQYLDY TENTEKTER» ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: МӨЛДІР БАҚЫТҚЫЗЫ, СЦЕНАРИЙ АВТОРЫ: АЯ ӘЛІМБАЕВА, ҚОЮШЫ РЕЖИССЕР: ДИЛЬШАТ РАХМАТУЛЛИН, РЕДАКТОРЛАР: ОРЫНАЙ ЖҰБАЕВА, НҰРЛЫХАН АИТОВА, САЗГЕР: ҒАЛЫМЖАН СЕКЕЕВ, ӘНШІ:...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

29 маусым, 2021

«Ақылды тентектер» жобасы АҚШ-та өтіп жатқан фестивальде үздік 50-ге еніп, жүлделі орынға ие болу мүмкіндігін алып отыр.

Американдық сарапшылардың фильм туралы пікіріне құлақ түрсек, анимация оларға қатты ұнаған, кейіпкерлері, жануарлар бейнесі, көркем пейзаждар таңдай қақтырғанын жасыра алмайды. «Ә» дегенде Наурыз туралы және оның қалай тойланатыны туралы бұрын-соңды білмеген деректермен мультфильм арқылы танысқанын, қазақ дәстүрлерімен кеңірек жүздескенін жарыса жазып жатыр.

Фондық музыканың ғажап екенін айтады.

Олардың айтуынша, кейіпкерлердің жарқын дауысы ішкі сезімін дәл бейнелесе, анимация мен субтитр басты оқиға желісінен ауытқымай аяғына дейін жетектеп отырады және ой тереңдігін береді.

Бұл шығармашылық команданың бірлескен жұмысының жемісі, керек болса, жеңісі.

Түнгі аспан аясында түрлі-түсті шамдары бар соңғы көрініс өте әдемі және жалпы финал сюжетті сәтті аяқтайды.


Баға беріңіз