БАЙҚАУДЫҢ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІ ТАЯУ

Баршаға аян, мемлекеттік тіл – қазақ тілін ұлтаралық қатынас құралы ретінде беделін арттыру, азаматтардың қазақ тілін меңгеруге мән беріп, әлеуметтік салаларда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арт...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

22 маусым, 2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, биыл байқау үміткерлері үшін Отан, туған ел, туған жер, мемлекеттік тіл тақырыбындағы қазақ ақындарының өлеңдерінен жатқа үзінділер оқу ұсынылған.

Екінші кезең қатысушылары – 9-11 сынып және колледж оқушылары. Олар байқау шартына сәйкес, 3 маусым – 1 шілде аралығында өлең жолдарын мәнерлеп оқып, видеоға түсіріп, өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына орналастырып, #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен «бөліседі».

Жеңімпаздар әдеттегідей «ЛҮПІЛ» (Лайк) санымен анықталады.

Ал үшінші кезең жоғары оқу орны студенттері мен ересек азаматтар 5 шілде – 5 тамыз аралығында өтеді.

Өлең жолдарын жаттау 2,5 минуттан аспауы керек.

Осы байқаудың басы-қасында жүрген Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының басқарма басшысы Әлім Сергібайұлын осы тақырып бойынша сөзге тартқанымызда:

– Тіл комитеті бұған жыл сайын үлкен мән беріп келеді. Қазақ тілінде жатқа жыр оқып отырған отандасың үшін кеудеңде құрмет сезімі пайда болады. Елбасымыз бірнеше мәрте айтып өткен, мемлекеттік тілдің біріктіруші факторға айналғанына көзің айқын жетеді, – деп жауап берді.

–Жас ерекшелігіне орай өтіп отырған байқаудың алдыңғысынан қандай айырмасы бар?

–Бұл сұраққа өзіңіз жауап беріп кеттіңіз. Бар айырма: жас ерекшелігінде ғана.

Қатысушылардың тағы бір рет есіне сала кетелік, бейне жарияланымда үзінді оқыған тұлғаның аты-жөні, тегі, ұлты, сыныбы, ұсынып отырған қала немесе облыс атауы,телефоны міндетті түрде көрсетілуі шарт.

Акцияның қорытындысы әр кезеңге байланысты шығарылып, онлайн режимде 2 шілде күні жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар марапатталады


Баға беріңіз