Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҚАЗАҚША СӨЙЛЕП ЖҮРСІЗ БЕ?

14.6.2021 324
Тіл мәселесі қашанда өзектілігін жоймайды. Көптеген жастарымыз қазақ тіліне шорқақ болып жатқаны бәріне мәлім. Осы мақсатта «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Мен қазақша сөйлеймін» атты акцияны қолға алып жатыр. Оның ерекшелігі – еліміздегі өзге этнос өкілдерінің арасында қазақ тілін дәріптеу.

Орталық директорының орынбасары Айдос Тұрсынбайұлының айтуынша, жобаның басты мақсаты – еліміздегі басқа ұлт өкілдерінің арасында қазақ тілін кеңінен дәріптеу. Орталық бұл іс-шараны жыл сайын ұйымдастырады.

Мұндағы қатысушылар – тек оқыту тілі қазақ тілі емес орта мектептер, техникалық колледждер мен ЖОО-ның студенттері және әртүрлі саладағы тұлғалар.

Байқаудың шартына жыл сайын өзгерістер енгізіледі.

Мысалы, өткен жылдары қатысушылар Батырлар жырын жатқа айтып жарысқан болатын. Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, бұл жолғы жоба тәуелсіздікке арналмақ. Отан, туған жер, мемлекеттік тіл тақырыптары қамтылады.

Аталған жоба үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – 5-8 сынып оқушылары, екінші кезең – 9-10 сынып оқушылары, үшінші кезең колледж және ЖОО-ның студенттері мен ересек азаматтардан тұрады. Әрі қарай төртінші кезеңге құқық қорғау органдарының, Ішкі істер органдары қызметкерлері қатысады.

Әр кезеңнің жұмыстары белгіленген мерзім бойынша қабылданады.

Мысалы, бірінші кезең – 5 мамыр-10 маусым, екінші кезең – 10 маусым-1 шілде, үшінші кезең – 5 шілде-5 тамыз, төртінші кезең – 6 тамыз-6 қыркүйек. Бірінші кезең бойынша қазір қызу жұмыстар жүріп жатыр.

24-25 мамыр аралығында осы кезең байқауды ресми түрде бастаған болатын. Қатысушылар өздерінің ұялы телефондары арқылы әлеуметтік желіге қазақ әдебиетіндегі белгілі тұлғаларымыздың шығармашылығынан екі минуттан аспайтын видео салады.

Қатысушы Instagram желісіне #менқазақшасөйлеймін2021 хештэгін белгілеп, жүктеуі керек. Салып қана қоймай, оны кеңінен насихаттап, қазіргі тілмен айтқанда, көп «лайк» жиналуы ескеріледі. Төрт кезеңге әр өңірден 5-8 адамнан кем емес қатысушылар бақ сынайды.

«Мен қазақша сөйлеймін» секілді жобалардың осындай жоғары деңгейде өтіп жатқаны – үлкен құптарлық іс.

Алдағы уақытта да жалғасын тауып, дами берсін деген тілектеміз!

Жәнел ҚҰТТЫБАЙ,
Л.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің студенті

Мақаланың толық нұсқасымен

мына сілтеме арқылы таныса аласыздар:

https://www.astana-akshamy.kz/qazaqsha-sojlep-zhursiz-be/
Тегтер: Акция туралы "Астана ақшамындағы" мақала
Авторы: Тіл Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

87

ақпарат

Қазақ тілін оқыту әдістемелерін жүйелеу бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

253

ақпарат

Тіл үйрету – күн тәртібінен түспейтін міндет

236

ақпарат

"Мен қазақша сөйлеймін" акциясына қатыс!