Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

11.6.2021 308
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен қазақ тілінде сөйлеуді насихаттауға бағытталған «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының І кезеңі бойынша оқыту тілі қазақ тілі емес еліміздің орта мектептерінің 5-8 сынып (тек этнос өкілдері) арасында қазақ поэзиясынан үзінділер оқып, насихаттау шарасының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті бір сұхбатында: «Біз қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін қолдауымыз керек. Оларды Парламентке, өкілетті органдарға сайлап, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жоғары лауазымдарға тағайындап, мемлекеттік наградалармен марапаттап отырғанымыз дұрыс. Мұндай азаматтар қазақ тілінің деңгейін ұлтаралық қолданыс дәрежесіне көтеруге көмектеседі»,– деген болатын.

Міне, қасиетті қазақ жерінде ынтымағы жарасқан 130-тан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Бәрі де өз тағдырын тек Қазақстанмен байланыстырады. Ең қуаныштысы, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін үйренуге деген құлшыныс жылдан жылға артып келеді. Жаңылмастан жыл сайын өтіп келе жатқан бұл акция осыны тағы бір дәлелдеп берді.

Байқауға кең байтақ Қазақстанымыздың 16 өңірінен, құрамы 22 этнос өкілдерінен тұратын, 326 адам қатысты. Қазылар алқасының сараптауы нәтижесінде келесі жүлдері орындарға лайықтылар анықталды:

Орындар

Аты-жөні

Облысы, оқу орны

Оқыған өлеңі

Лайк саны

Бас жүлде

Шарипова Луиза

Алматы облысы Қарасай ауданы,А.С.Пушкин атындағы ортамектептің 7-сынып оқушысы

М.Мақатаев «Туған жерге»

2045

І орын

Ибрагимова Инара

Алматы облысы Қарасай ауданы, А.С.Пушкин атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы

Қ.Аманжолов «Туған жер»

1029

ІІ орын

Джинва Раяна

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, №19 орта мектебінің 6-сынып оқушысы

Қ.Аманжолов «Туған жер»

1007

ІІІ орын

Таиржан Дамир

Алматы қаласы, Жетісу ауданы, №101 мектеп-гимназияның 5-сынып оқушысы

М.Мақатаев «Қазақстан»

785

ІІІ орын

Люфт Августина

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №7 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы

Қ.Аманжолов «Туған жер»

411

Ынталандыру

Ибрагимова Риянна

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы,

Шайқорық орта мектебінің 8-сынып оқушысы

Ө. Нұрмағанбетов «Тірегім сен – туған жер»

350

Ынталандыру

Шокуров Кирилл

Алматы облысы, Іргелі ауылы,

Л.Н.Толстой атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушысы

М.Мақатаев «Отан»

319

Ынталандыру

Мирзаева Назима

Жамбыл облысы, Тараз қаласы,

№7 мектеп-гимназияның 7-сынып оқушысы

М.Мақатаев «Туған жерге»

313

Ынталандыру

Шакиржанова Русалина

Алматы облысы Талғар ауданы,

№26 орта мектептің 8-сынып оқушысы

С.Торайғыров «Менің елім»

280

Ынталандыру

Кочалиева Лейла

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы,

Шайқорық орта мектебінің 8-сынып оқушысы

Б.Тәжібаев «Туған елім»

268

Өздеріңіз көріп отырғандай, Мұқағалидың «Туған жерге» өлеңін мәнерлеп жатқа оқыған Алматы облысы, Қарасай ауданындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектептің 7-ші сынып оқушысы Шарипова Луиза ең көп 2045 «Лүпіл» жинап, акцияның көш басынан көрінді. Оқушылармен қатар олардың қазақ тілі мұғалімдерінің еңбектері де ескеріліп, Тіл саясаты комитеті төрағасының алығысхатымен марапатталады.

Жыр оқитын адамның жүрегі нәзік болады.

Қазақ өлеңінде – қазақтың жаны жатыр.

Жаны да, жүрегі де қазақ деп соғатын, қалың елдің ортасында жүріп, қазақ поэзиясы жауһарларын жатқа айтатындардың баршасына табыс тілейміз!

Тегтер: "Мен қазақша сөйлеймін", І кезең аяқталды
Авторы: Тіл Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

123

ақпарат

«ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АРҚАСЫНДА КӨТЕРІЛДІМ»

109

ақпарат

ҚАЗАҚША СӨЙЛЕП ЖҮРСІЗ БЕ?

153

ақпарат

«ДОСТЫҚ ҮЙЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУҒА АТСАЛЫСАТЫН БОЛАДЫ»