«ҚОЛАҢ» СӨЗІНІҢ МАҒЫНАСЫ

«ҚОЛАҢ» сөзін көбіне «қолаң шаш» тіркесімен қолданып, «қалың» деген мағынаға ие деп жатамыз. Ал бұл сөздің мағынасы қандай деп ойлайсыз? 1️⃣9️⃣7️⃣7️⃣ жылы экранизацияланған ✅ Абдулла Қарсақбаевты...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

09 сәуір, 2021

Мұнар ата мен Алпамыс екеуінің арасындағы әңгіме барысында Мұнар атаның қолындағы шыбын-шіркейді қағып отырған желпуіш құралын көрдіңіздер ме?

❇️ Міне осы құрал – ҚОЛАҢ деп аталады.

⠀

1. «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» он бес томдықтың 9-томы

⠀

ҚОЛАҢ - зат.этн.көне. аттың қалың қылынан немесе басқа да қылдан қалың етіп жасалған шашағы, әшекейленіп ағаш, сүйек сияқты т.б. қатты заттан жасалған сабы бар маса, шыбын-шіркейден қорынуға арналған желпеуіш құрал.

⠀

Менің немді сұрайсың?

Бұқар барсаң ҚОЛАҢ бар,

Қолаңды көр де, шашым көр (Ер Тарғын).

⠀

Тағы бір айта кететіні - Мұнар атаның рөлінде Қазақстанның

халық артисі Қанабек Байсейітов (Күләш Байсейітованың күйеуі). Өмірден өтер шағындағы соңғы рөлдерінің бірі екен.

⠀

2.сын. Қалың, жуан, ұзын (шаш) деген мағынаны білдіреді.

⠀

Етіндей жас баланың білегі бар,

Ажымсыз ақ саусағы іске ыңғайлы.

ҚОЛАҢ қара шашы бар жібек талды,

Торғындай толқын ұрып көз таңдайды (Абай, Тол. жин.).

⠀

3. зат. Байырғы қазақ қоғамындағы әртүрлі төмен әлеуметтік топтардың өкілдері.

Тазша болып Қозыкем кетті дейді,

Аякөзден сал байлап өтті дейді.

Әшейін-ақ ҚОЛАҢдар адым басып,

Қарабайдың қасына кетті дейді (Қозы Көрпеш.).

⠀

Ал көрші-қолаң мен қоңсы-қолаң сөздерінің «қолаң» сөзіне қандай байланысы бар? Сіздің ойыңыз бен пікіріңіз біз үшін маңызды.

⠀


Баға беріңіз