Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

26.2.2021 442
Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 26 ақпанда «Көк тудың желбірегені» халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Ісшараны Тіл комитетінің төрағасы Әділбек Қаба кіріспе сөз сөйлеп ашты. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында көрсетілген өзекті мәселелерді талқылауға жиналып отырғанын атап өтті.

Тәуелсіздік алғаннан бері жүзеге асып жатқан рухани құндылықтарымызды түгендейтін бағдарламалардың шетелдегі қазақ диаспораларына ықпалы мен әсерін талдау, ұлттық болмысымыздан, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмаудың негізгі тетіктерін саралау, Қазақстан тарихы, салт-дәстүрі, рухани құндылықтары туралы ғылыми мәліметтер мен ақпараттардың шетелдегі қандастарға таралу мәселесі өзекті тұр.

«Жер шарының түкпір-түкпірінде тұрып жатқан ағайындарымыздың бәрiне ортақ ерекше бiр қасиет – өз ұлтына деген мақтаныш сезімі бар, кеуделерінен алыс атамекенге деген мәңгi сөнбес сағыныш лебі есіп тұрады. Біз бәріміз бір атаның балаларымыз, бір Алаштың бұтағымыз. Қуанатынымыз, қай жерде жүрсеңдер де, қай елде тұрсаңдар да, туған халқымыздың шежiресi мен тарихын ту қылып ұстайсыздар; халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрiн, әдет-ғұрпын шексiз құрметтеп, ана тiлiн ардақтап келесіздер. Бұл бас қосу соның бір дәлелі. Мемлекет басшысы өз мақаласында қандастарымыздың атамекенге оралуын барынша қолдап, бұл істі жандандыруды, ортақ Отанымыздың босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыруға біріге жұмылуға шақырады», – деді ол.

Онлайн бас қосуда Португалияның Синтра қаласынан VMESTORES Lda менеджері Исмира Алтыбаева, Ресейден Самара аймақтық қоғамдық ұйымы «Самара қазақтары» Мәдениет орталығының президенті Салауат Асқарұлы, Өзбекстаннан Әжінияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының доценті Тұрсынай Төрткүлбаева, Түркиядан қазақ және түрік тілдерінде шығатын «Қазақ елі» халықаралық журналының редакторы Нұргүл Берікболова, Моңғолиядан Білім институтының ғылыми қызметкері Сандуғаш Харриқызы өз жүрекжарды пікірлерін ортаға салды.

Олардың тебіреніске толы сезімдерін сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Президент Қ.Тоқаевтың толғауы тоқсан мақаласы әрқайсысының жүрек қылын шерткені көрініп тұр. Шетінен толқып тұрып баяндады.

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызының «Тіл үйретудегі жаңа технологиялар» баяндамасының шетелдегі қандастарымыз үшін үлкен әсері болғаны сөзсіз.

Қорыта айтқанда, мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған қайран ана тіліміздің қайда да бірге екенін, қаншалықты жүрегімізге жақын екенін тағы бір сезінгендей едік.

Тегтер: халықаралық дөңгелек үстел
Авторы: Тіл-Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

280

ақпарат

МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

132

ақпарат

«ДОСТЫҚ ҮЙЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУҒА АТСАЛЫСАТЫН БОЛАДЫ»

191

ақпарат

АТАТЕГІМІЗДІ ДҰРЫС ЖАЗУ – ҚАЗАҚТАНУ ҮРДІСІ