КЕРЕМЕТ ЖАҢАЛЫҚ!

Енді қазақша жазып емес, сөйлеп отырып-ақ сол сөзіміздің кез келген тілдегі аудармасын біле аламыз, тыңдай аламыз. Яғни қазақтың сөздері дыбысты тану функциясына қосылды деген сөз. Әзірше тек қана...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

24 ақпан, 2021

Ең бастысы, қазақ тілін дыбыс арқылы танудың жүзеге асқаны – уатсапта, телеграмда, құжаттарда пернетақтаны қолданбай-ақ жазуға болады деген сөз. Осыған бірте-бірте жетеміз.⠀

Сондықтан да «Латын болса, қалай жазамыз. Дыбыстарды таңбалау қиын ғой, шатасамыз ғой» деген ойдан аулақ болайық.⠀

Себебі 5-10 жылдан кейін тіпті пернетақтаны да қолданыстан шығаруыңыз мүмкін (мүлдем емес, оны да жазғысы келгендер қолдана береді).

Аудио арқылы жаза алатын болсақ, пернетақтаны қайтеміз, иә?!

Және де латын әріптері дыбыстық тану функциясында тез танылады. Жасанды интеллект ядросында оның дыбысталу тарихы ұзақ әрі көп. Миллиондаған тіпті миллиардтаған дауыстардың дыбысталуы бар шығар. Яғни бұл таңбаны дыбыстау еш қиындық тудырмайды.

Сондықтан көштен қалмауға ұмтылайық!

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ,

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»

ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы.


Баға беріңіз