Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ЖИНАҚ ЖАРЫҚ КӨРДІ

29.1.2021 243
Бұл жинақта Солтүстік Қазақстан облысының топонимдері бойынша толық ақпарат берілген. Кітаптың ерекшелігі: топоним түрлері, қалыптасу уәжі, құрылымы, диахронды тұрғыдан өзгеруі, рәсімдеу мәселелері қамтылған. Жинақ алты тарау, төрт қосымшадан тұрады. Берілген алғашқы екі қосымшада топонимдердің құрылымы және топонимдердің тілдік қабаттары (субстрат) бойынша ақпарат кестелер түрінде келтірілген. Жинақ филология саласындағы зерттеушілер, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, жалпы оқырман қауымға, ономастикаға қызығушылық танытушыларға арналған.

Кітаптың алғысөзіне жүгінсек, топонимдер – мемлекет тұтастығының кепілі. Адамзат санасында жер-су атаулары бағыт-бағдар қызметін атқарып келеді. «Тарихи-диахрондық әдісті қолдану арқылы ономастикалық атауларды жүйелендіру қызметі» ғылыми жобасы негізінде орындалған жинақта Солтүстік Қазақстан облысының топонимиясы барынша қамтылған, ондағы басты мақсат – Қазақстан топонимиясының 3D электронды картасын әзірлеу. Бұл уақыт талабы. Осы жоба бойынша топонимдерді жинап, зерделеу барысында қаншама ұлттық танымдағы, жер бедерінен ақпарат беретін атаулардан айрылып қалғанымызға көзіміз жетті. Қолдан жасалған нысандар – елді мекен атауларын негізінен идеологиялық мақсатта өзгертетіні тарихтан белгілі, ал табиғи нысандар – өзен, көл, батпақ, тау т.б. атауларын барынша ұсқынсыз, жер бедері, флорасы мен фаунасынан еш хабар бермейтін, біздің ұлттық танымымызға жат, идеологиялық мәндегі не құйтырқы саясат негізіндегі атаулар – халқымызға, жерімізге, тілімізге қаншалықты қиянат жасалғанының айғағы.

Жинақтың ең тарихи маңызды тұсы – XVIII ғасырдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі диахрониясы зерделенді. Жинақтың тағы бір ерекшелігі – облыс бойынша топонимдік атаулар барынша жинақталып, диахрония тұрғысынан алғаш рет қарастырылып отыр. Мұнда қазіргі кезде кісі тұрмайтын елді мекен атаулары да қамтылған, сонымен бірге өзгертілген бұрынғы атаулар да қарастырылған.

Электронды 3D форматтағы картаға барынша ақпаратты түгел жан-жақты талдап, жинақтап салу мақсатында әр атаудың өткені мен қазіргі жағдайы толығымен қамтылған.

Бұл жинақтағы ақпарат еліміздің тарихынан хабардар етеді, ел, жер тұтастығын айғақтауға дәлел болады, ұрпақ тәрбиесі мен жалпы адамзат (ауылшаруашылық, фитомедицина, бағыт-бағдар, экология, мәдениет) үшін де маңызды болмақ.


Тегтер: СҚО топонимикасы тцуралы жинақ жарық көрді
Авторы: Тіл-Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

33

ақпарат

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

115

ақпарат

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: ҮЙРЕНУШІНІҢ КӨЗҚАРАСЫ»

86

ақпарат

«КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ»