Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ҚАРАУЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

26.1.2021 1230
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті 2021 жылғы 26 қаңтарда Орфографиялық жұмыс тобының онлайн отырысын өткізді.

Әмбеге аян, мемлекет басшысы өткен жылдың 9 қарашасы күні жетілдірілген әліпби, емле ережелері және пернетақта жобаларын Үкімет жанындағы Ұлттық комиссия отырысының қарауына енгізу туралы тапсырма берген болатын.

Комитет төрағасы Әділбек Қаба мәлімдегендей, «Осы тапсырмаға сәйкес, былтыр бірнеше мәрте отырыстар мен кездесулер ұйымдастырылған. Жыл соңындағы бас қосудың нәтижесінде емле ережелерін қайта пысықтау туралы шешім қабылданды. Бүгінгі шараның мақсаты – айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, қайта зерделенген емле ережелері жобасын талқылау».

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова «Қазақ тілінің жаңа емле ережелері жобасын талқылап, Ұлттық комиссия қарауына ұсыну туралы» баяндама жасады.

Талқылау барысында емле ережелері жалпыхалықтық қолданысқа ие болатындықтан, оны мейлінше түсінікті, жеңіл қабылданатын етіп, қарапайым әрі жиі қолданылатын мысалдар арқылы беру жағы да сөз болды.

Әрине, өмір бір орнында тұрмайды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, уақыт өз түзетулерін енгізіп жатады. Ол – болашақтың еншісі.

Онлайн отырысқа қатысқан жұмыс тобының мүшелері мейлінше дұрысталған емле ережелері жобасын Ұлттық комиссия отырысына ұсыну туралы шешім қабылдады.

Тегтер: орфографикалық комиссия емле ережелері жобасын ұк қарауына ұсынды
Авторы: Тіл-Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

193 Ақпарат

«ТІЛ ЖАНАШЫРЫ-2023» КОНКУРСЫ ӨТТІ

209 Ақпарат

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

210 Ақпарат

ЖЕТІСУДАҒЫ РЕСПУЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ