«ҚАЗАҚШАҢЫЗ ҚАЛАЙ?!» ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҒЫ

Баршаға аян, еліміздегі мемлекеттік тілді дамыту және қолдау нәтижелерінің қандай деңгейде екенін шынайы қоғамдық ортаның мүддесі мен рухани саналы көзқарасы арқылы бағамдауға болады. Өйткені, қоға...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

18 қаңтар, 2021

Жақында Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Ана тілі» орталығы тұтынушыларға қызмет көрсету орындарында қазақ тілінің қолданыс аясын барынша кеңейту, оның әлеуметтік рөлін және мәртебесін арттыру мақсатында «Қазақшаңыз қалай?!» тәжірибелік сабағы ұйымдастырды.

Аталған іс-шара Павлодар қаласының Орталық әмбебап дүкенінде өткізіліп, «Ана тілі» орталығының тыңдаушылары мен Тіл еріктілері қатысты. Сабақ дүкендегі тұтынушылардың қазақ тілінде пікір және өзара сұхбат алмасу және әңгімелесу форматтарында өтті.

Сонымен қатар жоғарыда аталған сабақтар «Batyr mall» және «Inmart» дүкендерінде ұйымдастырылып, алдағы уақытта қаланың «Манақбай», «Артур», «Квазар» сияқты ірі сауда үйлері мен тағы басқа дүкендерде өткізу жоспарланып отыр.


Баға беріңіз