Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Ақылды тентектер» мультсериалын тамашалаңыздар

20.12.2020 1198
Жуырда балаларға арналған «Ақылды тентектер» анимациялық фильмі «Балапан» телеарнасынан көрсетіледі.

Жуырда балаларға арналған «Ақылды тентектер» анимациялық фильмі «Балапан» телеарнасынан көрсетіледі.

Мультфильм қазақтың салт-дәстүрі мен өнерін, мәдениетін балаға түсінікті әрі қызықты түрде жеткізіп, қазақ тілін насихаттауға бағытталған. Толық 3 d форматындағы анимациялық фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен «Dala animation» компаниясы әзірледі.

Жобаны әзірлеу үшін байқау жарияланып, техникалық талаптарға

сәйкес келген компания таңдалынып алынды. Кейіпкерлердің бейнесін бекіту мақсатында 30-ға жуық эскиз салынып, (мысалы бір кейіпкердің өзіне бірнеше эскиз салынды) солардың ішінен басты кейіпкердің түр-тұлғасы анықталып, кейіпкер бейнесі бекітілді. Кейіпкерлер ұлттық киім үлгісінде киінетін болғандықтан, қазақтың ұлттық киімдері туралы еңбектер зерделеніп, 300-ге жуық киім үлгісі қаралды.

Басты кейіпкерлер – Марал, Інсін, Суыр, Бұлан. Олар қазақтың кең даласында еркін ойнап жүріп, өзгелерді ойланып әрекет жасауға шақырады. Бірлік, достық, сабырлылық, ең бастысы, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіріп өсіп келе жатқан кейіпкерлердің бейнесі балаларға үлгі болатыны сөзсіз. Анимациялық фильм 10 сериядан тұрады. Әр серияның ұзақтығы
5-7 минутты қамтиды.

Анимациялық фильмнің әнін сазгер Ғалымжан Секеев, сөзін ақын Жанат Әскербекқызы жазды. Жобаның режиссері – 2019 жылы өткен «Әмен» анимациялық кинофестивалінің бас жүлде иегері Дильшат Рахматуллин, сценарисі – Ая Әлімбаева, сарапшы-редакторлар – филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбаева, Нұрлыхан Аитова, жоба жетекшісі – Мөлдір Бақытқызы.

Тегтер: Тіл-Қазына, Тілқазына, қазақ тілі, қазақ
Авторы: Тіл-Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

257

ақпарат

«ҚОЛАҢ» СӨЗІНІҢ МАҒЫНАСЫ

198

ақпарат

ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕРДІҢ ТОЛЫҚ ЖАЗЫЛУЫ

309

ақпарат

ТЕРМИНОЛОГИЯ ТАРЛАНБОЗЫ