Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

СҰҚБАТ АЛАҢЫНДА БАС ҚОСТЫ

14.12.2020 627
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2020 жылдың 14 желтоқсанында «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер: қазақ тілінің инновациялық жобалары» тақырыбына онлайн сұқбат алаңын ұйымдастырды.

Тәуелсіздік мерекесі – өз тарихында тұңғыш рет заманауи мемлекет құрған Қазақстан халқының ауқымды тарихи жетістіктерінің жарқын көрінісі. Қазақстан үшін бұл жылдар ілгерілеу және орнықты даму кезеңі болды. Осы жылдарда еліміздің тірегі – мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бірталай ісшаралар атқарып, мемлекеттік тіліміздің дамуы, жаңғыруы бағытында қазақ тілінің инновациялық жобаларын жүзеге асырды.

Осы бағытта ой өрбіткен «Тіл-Қазына» орталығы атқарушы директорының орынбасары Лиза Есбосынова қатысушыларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Ісшараның негізгі мақсаты ағымдағы жылы жүзеге асырылған мемлекеттік тілді оқытудың инновациялық жобаларын және қазақ терминологиясын жетілдіру бағытындағы жобаларды таныстыру, насихаттау болатын. Осыған орай сұқбат алаңында шетелдіктерге қазақ тілін үйретуге арналған «Қазақша үйренеміз» веб-қосымшасының оқу контенттерінің ерекшеліктері, шет тілдерін оқытудың креативті әдіс-тәсілдері, ІТ технологиялардың мүмкіндіктерімен қазақ тілін интенсивті оқытудың тиімділігі және қазақ терминологиясының жетістіктері жайлы ақпараттар көпшілік назарына ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан іске қосылған ашық білім беру жобасы – «Абай институты» порталының «Қазақша үйрену» вэб-қосымшасының құрылымы, мазмұны мен әдістемелік идеясы жайлы Әдістеме басқармасының ғылыми қызметкері Марияш Зиятдинқызы мен кіші ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының магистрі Айгүл Әділбекқызы айтып өтті.

Тілдерді креативті әдіс-тәсілдермен оқыту жайлы әңгімені Әдістеме басқармасының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Нұрсәуле Мақсұтқызы жалғастырды.

Қазақ тілін ІТ технологиялар арқылы оқыту бағытында «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы машиналық оқыту және жасанды интеллект технологиясы арқылы тілді үйретуге арналған Tilqural.kz порталын дайындағаны баршаға мәлім. Қазақ тілін үйренуге бағытталған тиімді технологиялардың бірі бұл порталға қатысты сұрақтарға Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы, филология ғылымдарының магистрі Мөлдір Бақытқызы жауап берді.

«Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» жасаған келесі инновациялық жоба, termincom.kz платформасы. Қазіргі таңда бұл платформа бірыңғай электрондық терминологиялық базаны құрайды. Қазақ терминологиясын жүйелеудің жаңа талаптарын жүзеге асырып жатыр. Терминология және ономастика басқармасының кіші ғылыми қызметкері Оразгүл Жәдігерқызының сұқбаты осы төңіректе өрбіді.

Онлайн сұқбат алаңына еліміздегі облыстық Тілдерді дамыту басқармасы және Тілдерді оқыту орталықтарының басшылары, ғалымдар, әдіскерлер мен оқытушылар қатысты.

Тегтер: сұқбат алаңында бас қосты
Авторы: Тіл-Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

61

ақпарат

«КҮЛГІН» СӨЗІНІҢ ТӨРКІНІ

204

ақпарат

ҮЛДЕ МЕН БҮЛДЕ Қандай мата түрлері?

75

ақпарат

1-ШІ QWANT БАҒДАРЛАМАЛАУ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: IT БІЛІМ АЛЬЯНСЫ МЕН MICROSOFT ҚАЗАҚСТАН БІРЛЕСКЕН БАСТАМАЛАРЫ