Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҮШ КҮНДІК КУРС АЯҚТАЛДЫ

31.10.2020 545
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 30 қазан күні онлайн режімде үш күнге созылған «Қазақ тілін үйрету: халықаралық және қазақстандық тәжірибе» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын аяқтады.

Шетелдердегі қазақ мәдени орталықтарына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетуді мақсат тұтқан шараға АҚШ, Ұлыбритания, Финляндия, Монғолия, Ресей, Германия мемлекеттерінде тұрып жатқан қазақ тілін оқытушы қандастарымыз қатысты.

Арадағы уақыт айырмасына қарамастан айрықша ынта-жігер танытқан оларға «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов, Людвиг Максимилиан атындағы Мюнхен университеті Таяу және Орта Шығыс институтының PhD докторы Гүлсім Масақова, Назарбаев университеті Қазақ және түркология департаментінің оқытушысы, магистр Айдар Балабеков, Назарбаев университеті Қазақ және түркология департаментінің оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі Раушан Мырзабекова, Haileybury Астана мектебінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Ақниет Озатұлы тіл оқыту тақырыбында дәріс оқыды.

Курстың соңғы күні болған бас қосуында орталықтың Ақпараттық технология басқармасының басшысы, жас ғалым Мөлдір Бақытқызы «Сөздікқор кз» жобасымен таныстырды. Оның айтуынша, бұрын-соңды қазақ сөздеріне қатысты мәліметтер ПДФ форматында жасалғандықтан жүктеу кезінде кітап түрінде шығатын болса, еліміздің тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған бұл жоба экзель форматы арқылы кез келген жекелеген дербес сөздің анықтамасын, мағынасын еш қиындықсыз тауып береді. Әрі ұялы телефонға жүктелген Телеграм-бот көмегімен жұмыс жасау мүмкіндігі оның пайдалы да тиімді тұстарын еселей түседі. Бұл игі жобаны жүзеге асыруға екі жүзден астам ғалым-зерттеушілер тартылған екен.

Бұдан кейін Людвиг Максимилиан атындағы Мюнхен университеті Таяу және Орта Шығыс институтының PhD докторы Гүлсім Масақова «Қазақ тілін онлайн оқытудағы негізгі өзекті мәселелер және әлемдік тәжірибелермен үйлесімі» туралы әңгімеледі.

Әлемдегі қазақ тілін оқытушылардың алғаш рет басын қосқан бұл шара Назарбаев университеті Қазақ және түркология департаментінің оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі Раушан Мырзабекованың «Шетелдіктердің тілдік деңгейін анықтауда қолданылатын тәсілдер» тақырыбындағы сабағымен өз мәресіне жетті.

Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі «Отандастар қоры» КеАҚ Президентінің кеңесшісі Дидар Болат атап өткендей, осы тұрғыда ұсыныстар түсіп жатса, келер жылы аясын кеңейту жағын қарастырылмақшы. Барлық қатысушылардың теңізге құйған бұлақтай ортақ тілегін білдіріп тұрған мына жүрекжарды лебізге құлақ түрсек, оның да ауылы онша қашық емес секілді: «Құрметті неше күннен бері жүрек тебіренткен қандастар! Бәріміздің тіліміз бен тілегіміз бір, қанымыз бен жанымыз бір, қайда жүрсек те аман болайық! Тәңірім бәрімізді қолдап-қоршап жүрсін! Отандастарыма, «Тіл-Қазына» орталығынын қызметкерлеріне, сабақ берген оқытушыларымызға ерекше алғыс білдіремін, әрдайым еңбектеріныз жана берсін! Алтын көпір жалғасын табады деп ойлаймын. Хабарласып тұрайық, байланысымыз үзілмесін, себебі біз үшін өте қажет. Аман-сау болайық!»

Барлық қатысушылар Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының арнайы Алғысхаты мен сертификатына ие болды.

Тегтер: үш күндік байқау аяқталды, отандастар қоры
Авторы: Тіл Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

97

ақпарат

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТЕДІ

79

ақпарат

ҚАЗАҚ ТІЛІН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕР АРҚЫЛЫ ҮЙРЕТУ НЕМЕСЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

238

ақпарат

ПЕРНЕТАҚТА ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ