2 МИЛЛИОНДЫҚ АУДИТОРИЯСЫ БАР STAN.KZ-ТІҢ «ДИКТАНТ» ЖОБАСЫ

ЖОБАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: қазақ тілін сүйетін, қазақша қатесіз жазып үйренгісі келетін әрі қатесіз жазатынына көзін жеткізі келетін жандар үшін ұйымдастырылатын ағартушылық акциясы. Оған кез келген адам ...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

28 қазан, 2020

Ұйымдастырушысы:

даму бойынша директоры Жазира Байдалы, 87017082725

Масштаб: республикалық/халықаралық

Қай кезде өткізіледі: шамамен 21 қараша – сенбі (2020 жыл)

Таңғы сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін диктантқа қатысуға мүмкіндік болады.

Мәтінді қатысушылар кирилл әліпбиі бойынша жазады.

Ұраны: қазақ тілін сүй, қазақша жаз!

Мәтінді оқитын үш спикер: Ләйлә Сұлтанқызы, Ерқанат Көпжасар, Владислав Тен.

Оқылатын мәтін: Ғаламторда жарияланбаған мәтін.

Диктантты тексеретіндер: жүйе өзі автоматты түрде тексеріп береді.

Платформа: сайттың ішіндегі арнайы парақша

Қалай бағаланады: мектептегідей 2, 3, 4, 5 деген баға қойылады. Қателіктің санына байланысты болады бұл баға. Оның критерийімен сайт арқылы таныс бола аласыздар.

Диктант жазғандардың бағасы сайтқа жарияланбайды. Тек электронды поштамен жіберілетін серфикатта көрсетіледі.



Баға беріңіз