Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«ІЛЕСПЕ АУДАРМА: ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПРАКТИКАСЫ» Қазақ тілінен орыс, орыс тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жүргізу курсы

8.10.2020 294
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында қазақ тілінен орыс, орыс тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жүргізуді үйрету курсын өткізеді.

Былайғы жұртшылықтың көзі үйренген, кеңседегі іс қағаздарын аударып отырған мамандардың бәрі бірдей бір тілден екінші тілге ілеспе аударма жасай алмайтыны даусыз ақиқат. Өйткені, бұл сала ау­дармашыдан реак­ция­­ жылдамдығын, пси­хо­ло­гия­лық және физиологиялық тұр­ғы­дан төзімділігін, екі тілде таза сөй­леуін талап етеді.

Бұған қоса лингвистика мен аударма тео­риясы саласын жақсы білуі шарт.

Бұл шараның басты мақсаты – аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасы, қазақ тілінің ресми стилі, аударманың лексика- грамматикалық және редакциялаумәселелері аясында оқу-әдістемелік көмек көрсету;

Курста аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық үлгілері, сөздік қорды байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқылады. Сонымен қатар, аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасы, аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым мамандар озық тәжірибесімен бөліседі.

Курсты аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Әлпейісова КамалӘбілқасымқызы жүргізеді.

Курсқа орталық және жергілікті атқарушы органдарыныңаудармашылары қатысады.

Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталады.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран көшесі18-үй Бизнес орталық.

Өтетін мерзімі: 2020 жылғы 12-16 қазан аралығы

Басталу уақыты күн сайын – 09:00

Байланыс телефондары:

факс: 8 (7172) 408397

тел: 8 (7172) 273042

ұялы: 87016752660

Тегтер: ілеспе аударма, орысшадан қазақша, қазақшажан орысша
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

176

ақпарат

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ: ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ

423

ақпарат

«АБАЙ ИНСТИТУТЫ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

83

ақпарат

Алматы қаласында ҮЕҰ өкілдеріне арналған семинар өтеді