ТІЛ ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ
4.10.2020
856

Ана тіліміз төңірегіндегі тақырыптың шегі жоқ.
Қоғамда күнделікті тұрмыстағы қолданыстап бастап, түрлі ғылыми тұрғыдан талдау тоқтаусыз жүріп келеді. Олай болатын себебі, қазақ тілінің төрден орын алуы, тұғырына қонуы – бір ғана намыстың ісі емес, қажет болса ұлт болашағы.
Осы мәселеге қаннен-қаперсіз қарай алмайтын көзі қарақты тыңдарманның тағатсыз тосатын бір дүниесі – «Шалқар» радиосының «Сөйлеу мәдениетінің» хабары.
Тіл туралы жан-жақты сұқбат құрып келе жатқан талантты журналист Айнұр Шамшейітованың кезекті қонағы – Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Айдос Әбдіхалық.
ТЕРЕҢ ДЕ ТҰШЫМДЫ ӘҢГІМЕГЕ КУӘ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ, ЖІБЕРІП АЛМАҢЫЗ!