Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҚОЛЖАЗБА ТАЛҚЫЛАНДЫ

29.9.2020 480
2020 жылғы 29 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен онлайн режимде «Әліпби» энциклопедиясының қолжазбасын талқылау шарасы өтті.

Шараны Бас директор Әлібек Асқар кіріспе сөз сөйлеп ашты.

Әуелгі кезекте «Әліпби» энциклопедиясына сұраныс бұл төңіректегі ақпараттық қордың жинақталмағандығынан туындайтынына назар аударған жөн. Яғни, бұл секілді еңбек бұрын-соңды құрастырылмаған.

Оқырманымен тұңғыш рет қауышқалы отыр.

Шараның мақсаты «Әліпби» энциклопедиясының қолжазбасын мазмұндық, техникалық тұрғыдан екшеуден өткізу, жүйелеу, өңір мамандарын ақпараттандыру, насихаттау.

Іс-шара барысында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы Аитова Нұрлыхан, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы «Ресурстық тіл орталығының» бөлім меңгерушісі, педагогика ғылымдарының магистрі Жұпар Жақанова, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының» оқу-әдістемелік бөлімі басшысы Ләззат Ортаева, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Сүгірбаева Ақмарал, Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Талапова Гүлнар баяндама жасады.

Аталмыш еңбекке әлем тілдері әліпбиі мен жазу түрлері, ерекшеліктері, әліпби тарихына қатысты мәліметтер, дүниежүзіндегі осы саланың реформатор көрнекі тұлғалары туралы мәліметтер енгізілген. Энциклопедияосы бағытта ізденіп жүрген зерттеушілерге, ғалымдарға, филолог мамандарға, мұғалімдерге, жалпы қызығушылығы бар оқырманға арналған. Әліпбиге қатысты терминдер мейілінше жинақталып, жүйелендіріліпберілген.

Талқылауға қатысушылар «Әліпби» энциклопедиясының маңыздылығы мен қажеттігі туралы пікірлер айтып, сөз қозғады.

Талқылау нәтижесінде энциклопедияны жетілдіруге қатысты құнды идеялар жинақталып, жаңа басылымның мазмұнына енгізілетін болады.

Тегтер: әліпәліпби энциклопедиясының қолжазбасы талқыланды
Авторы: Тіл Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

176

ақпарат

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ: ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ

423

ақпарат

«АБАЙ ИНСТИТУТЫ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

83

ақпарат

Алматы қаласында ҮЕҰ өкілдеріне арналған семинар өтеді