«РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДА БЕКІТІЛГЕН ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ» БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен «Ресми құжаттарда бекітілген терминдердің қолданылу мәселесі» тақырыбында ҚР Мәдениет және спорт мин...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

22 қыркүйек, 2020

Мемлекеттік тілді дамытудағы өзекті және маңызды мәселенің бірі – ресми-іскерлік жазбаша қарым-қатынас тілін дамыту. Себебі мемлекеттік билік пен халық арасындағы, елдер арасындағы, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасындағы, жеке тұлға мен қоғам арасындағы байланыс ресми құжаттар арқылы жүзеге асады. Ал олардың көпшілікке түсінікті тілде кең қолданысқа ие болуы қазіргі таңда өз деңгейінде емес екені белгілі.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминологиялық комиссиясы отырыстарында мақұлданған терминдер жайы мемлекеттік тілдегі ресми құжат тілінің сапасы, ресми құжаттарда бекітілген термин қолданысының қазіргі жағдайы,практик мамандардың ұсыныстары талқыланады және талқылау нәтижесі кездесуге келген министрлік өкілдері арқылы жоғары билікке жеткізіледі деп күтілуде.

Онлайн-кездесуге ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік тілді оқыту кабинетінің меңгерушісі, п.ғ.к. Назигүл Төленбергенова, Заңнама және құқықтық ақпарат институты Лингвистикалық орталық басшысы Нұрзада Примашев, «Самұрық-Энерго» АҚ Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы, ф.ғ.к. Асылжан Төрениязова, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаменті Мемлекеттік тіл басқармасының басшысы Гүлнар Қисықова, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Құжаттамалық қамтамасыз ету және лингвистикалық қолдау басқармасының бас менеджері Алма Шоқаева қатысады.

Іс-шараны сала мамандары, филологтар мен жоғары оқу орнының студенттері, тіл жанашырлары ZOOM платформасында көре алады. Қатысушылар онлайн режімде Тіл саясаты комитетінің төрағасына, кездесуде пікір білдірушілерге сұрақтарын қойып, тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып талқылай алады.

Өтетін орны: Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Сауран көшесі, 7а.

Өтетін уақыты: 24 қыркүйек.

Басталуы: сағат 15.00.

Тел.: 8 (7172) 27-30-42, 8(702)3840277, 87752816206

е-mail: m.orazgul@tilqazyna.kz. Info@tilqazyna.kz


Баға беріңіз