БАЙҚАУҒА САНАУЛЫ КҮН ҚАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы тілдері» іс-ш...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

14 қыркүйек, 2020

Жетістікке жетудің сан жолы бар. Қазіргі жастар ізденіс пен сәтті тренингтерді, түрлі ой жарыстарға қатысқанды қалайды. Білгенін көрсету, айтқанынын жеткізу бәсекеге қабілеттілігін танытады. Байқау жақындаған сайын жүрек жиі соғады. Ол заңды да. Төменде үміткерлердің бір тобы байқау туралы үзік ойларымен бөлісіп отыр.

Бәріне де сәттілік тілейміз.

Танысыңыз.

Ой бөлісіңіз.

Анар Таниева: Байқау – өзіңді көрсету

Өзің туралы бірер сөз?

Анар Таниева, ағылшын тілі мұғалімі. Көкшетауда тудым. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ бітірдім.

Өмірге көзқарасың?

Өмірге философия тұрғыдан қараймын. Менің ойымша,өмір ол жақсы мен жамандыайыру емес, ол Абай айтқандай өз орныңды табу. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан».

Байқау бақ сынау ма, әлде жеңіске құштарлық па?

Байқау – өзінді көрсету, өз білімінді және күшіңді сынау.

Бір тілде түсінісу мүмкін бе?

Адам өзге тілді білу керек, бірақ, ең бастысы, өз ана тілінді құрметтеу маңызды деп ойлаймын. Жоқ, кей кезде адамның көз қарасын түсіну үшін шет тілінде білген абзал.

Қазақ тілінің ертеңі туралы ойыңыз?

Бәрі өз қолымызда, егер де біз өз тілімізде сапалы білім берсек, онда біз ең мықты мемлекет боламыз. Иә, мен ағылшын тілін бала кезінен жақсы көрдім. Өйткені, білімнің 80% ағылшыншың тілінде және тіл, бұл басқа мемлекетке барудың мүмкіндігі. Өзге халықтардың мәдениетін білудің бір тәсілі.

Ең басты жетістігің?

Менің ойымша менің ең басты жетістігім, әлі алда, өйткені мен әлі жаспын. Бірақ казіргі кезде: диплом алдым, жұмыс істеп әке-шешеме көмектесудемін. Ал оқушыларым жүлделі орындардан көрінуде.

Міне, олардың жеңістері менің де бір жетістігім.

Мақпал Мусина: Шынайылық, әділдікті ғана көксеймін.

1. Әлсізге көмек, әлдіге төтеп беру менің басты өмірлік ұстанымым. Әлдінің барлығына төтеп беру емес, әділетсіздікке қарсы күрес, шынайылық, әділдік қана көксеуім.

2. Өмірдің әр ғаламын мәнге бөлеп өткізу – адамның өзіне жасаған ең игі ісі. Байқауға дайындығың қаншалық мықты болса, жеңіске үмітің соншалық. Сол себепті байқау – жеңіске құштарлық.

3. Бір тілде сөйлеген адам – бір адам, бірнеше тіл меңгерген адам бірнеше адам деп білемін. Сол себепті «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегім келеді.

4. Мәселе бір тілде сөйлеу, неәртүрлі тілде сөйлеу емес. Жаңына жақын адам болса, сөзсіз-ақ түсінісуге болады.

5. Қазақ тілінің ертеңі – бүгінгі жастардың асқақ рухы мен ұлтын сүюіне, тілін қастерлеуіне байланысты.

6. Мамандығым жүрегімнің серігі, оған мен әрдайым берікпін.

7. Отбасым – сүйікті жарым мен кішкентай батырым.


Аида Досмухамбетова : Бақ сынау

Өзің туралы бірер сөз?

Халық шаруашылық университетін статистика мамандығы бойынша бітірдім, магистратураны-экономика мамандығы бойынша. Қазір БҚО Статистика Департаментінде жұмыс істеймін.

Өмірге көзқарасың?

Позитивті

Байқау бақ сынау ма, әлде жеңіске құштарлық па?

Бақ сынау

Үштілділік жетістік пе, әлде?

Мүмкіндік

Бір тілде түсінісу мүмкін бе?

Мүмкін

Қазақ тілінің ертеңі туралы ойыңыз?

Өрлеу

Мамандығың жүрегіңе серік пе?

Ия

Ең басты жетістігің?

Ата-анамның үмітін ақтадым.


Баға беріңіз