Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ШАРА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

11.9.2020 357
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында бес күнге созылған қазақ тілінен ағылшын, ағылшын тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жүргізуді үйрету курсы өз мәресіне жетті.

Аяқталу рәсіміне қатысқан орталықтың Бас директоры, белгілі жазушы Әлібек Асқар: «Қазақстан әлемдік қоғамдастықтан өз орнын алғаннан кейін өзге елдермен ұдайы араласып тұруға тура келеді. Бұл өз кезегінде сапалы аударма қызметіне қажеттілікті тудырады. Сондықтан, бұл бағыттағы курстарда аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық үлгілері, сөздік қорды байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқытуды қолға алып келеміз», – деді.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті аударма теориясы мен практикасы кафедрасының доценті, PhD докторы Төлеубаева Ақнұр Мұхитқызының тілек білдірушілермен жұмыс жасап жатқаны бір бұл емес. Қай кезде де аудармашы мамандардың ыстық ықыласына бөленіп келеді.

Курс барысында қатысушыларға аударма теориясы мен практикасы, аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым мамандар озық тәжірибесімен бөлісті.

Курсқа орталық және жергілікті атқарушы органдарының аудармашылары қатысты.

Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталды.

Тегтер: ілеспе аударма онлайн семинары
Авторы: Тіл Қазына

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

159

ақпарат

«РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДА БЕКІТІЛГЕН ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ» БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

240

ақпарат

ЖАҺАНДЫҚ КЕҢІСТІККЕ ЖОЛ АШЫЛАДЫ

274

ақпарат

ДАБЫСЫ КЕТКЕН АЛЫСҚА...