Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«БЕКІТІЛГЕН ТЕРМИНДЕРДІҢ ҒЫЛЫМ ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ ОРНЫ»

7.9.2020 88
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 10 қыркүйегінде «Бекітілген терминдердің ғылым тілін дамытудағы орны» атты онлайн семинар өтеді.

Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту терминология саласының басты міндеті болып табылады. Ол үшін терминологияны біріздендіру, терминжүйе қалыптастыру аса маңызды. Онлайн-семинардың мақсаты – бекітілген терминдердің қолданыс аясын кеңейту жолдары, бекітілген терминдердің құрылымындағы жүйелілік, бірізділік т.б. өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын ұсыну.

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминологиялық комиссиясы мақұлдаған терминдердің қолданыс аясын кеңейту, сапасын арттыру мәселесі, ғылым тілін дамытудағы халықаралық және төл терминдердің арасалмағын айқындау және т.б. семинар талқылауының өзегі болмақ.

Іс-шара онлайн режімде пікірталас, сұрақ-жауап форматында ұймдастырылады. Онлайн семинарға сала мамандары тартылды.

Шараға филология ғылымдарының докторы, ҰҒА-ның академигі, Шерубай Құрманбайұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының редакциялық және аударма бөлімінің меңгерушісі Дәуітәлі Омашұлы, «Назарбаев университеті» АҚ Қазақ тілі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Әлісжан Сарқыт Қалымұлы қатысады.

Іс-шараны сала мамандары, филологтар мен жоғары оқу орнының студенттері, жалпы жұртшылықтың zoom бағдарламасы арқылы көруге мүмкіндігі бар. Қатысушылар онлайн режімде баяндамашыларға сұрақтарын қойып, тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып талқылай алады.

Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталады.


Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран 7А,

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық

ғылыми-практикалық орталығы» КЕАҚ конференц-залы

Басталу уақыты: сағат 10:00.

Байланыс телефондары:

тел: 8 (7172) 273042

ұялы: 87016752660

Тегтер: онлайн семинар, бекітілген термин ғылым тілін дамытуда
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

158

ақпарат

«РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДА БЕКІТІЛГЕН ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ» БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

240

ақпарат

ЖАҺАНДЫҚ КЕҢІСТІККЕ ЖОЛ АШЫЛАДЫ

274

ақпарат

ДАБЫСЫ КЕТКЕН АЛЫСҚА...