Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Қазақстан халқы тілдері» іс-шарасы аясындағы «Тіл шебері» республикалық онлайн байқауын өткізу ережелері

14.8.2020 587
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің 2020 жылғы «13» ақпандағы №13 бұйрығымен бекітілген

1. Жалпы ережелер

«Тіл шебері» үш тілді жетік меңгерген жастар арасындағы республикалық байқауы (бұдан әрі – байқау) Қазақстан халқы тілдері күніне арналған.

2. Байқауды өткізудің мақсаты:

1) үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды анықтау және қолдау;

2) тіл мәдениетін көтеру;

3) үштілділікті насихаттау.

3. Байқау қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

4. Республикалық байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және 14 облыстан іріктелген 21 мен 35 жас аралығындағы барлығы 17 үміткер қатыса алады.

2. Байқауды өткізудің тәртібі

6. Байқаудың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті (бұдан әрі – Комитет).

7. Байқауды өткізу туралы хабарландыру 1 ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылады.

8. Байқауға қатысу үшін жазбаша өтінім хабарландыру жарияланғаннан кейін 2020 жылғы 4 қыркүйекке дейін tilsheberi@gmail.com электронды поштасына төмендегі құжаттармен бірге беріледі:

  • өтінім (Ережеге қосымша нысан бойынша);
  • жеке куәліктің көшірмесі.

9. Ереженің 8-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім байқауға қатыстырылмайды.

10. Комитетке ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

11. Байқау мынадай кезеңдерден тұрады:

  • «Елтаным» – қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөніндегі экранда көрсетілген сурет бойынша үш тілде жауап беру. Бір тілде айтылған ой екінші тілде қайталанбауы керек (айтылатын ой қазақ тілінде басталып, орыс тілінде жалғасып, ағылшын тілімен аяқталады), (3 минут);
  • «Сөзтаным» – экранда көрсетілген сөйлемдерді оқып, орыс және ағылшын тілдерінде жылдам әрі мүдірмей аудармасын айту (2 минут);
  • «Ойтаным» – берілген ортақ тақырып бойынша мемлекеттік тілде эссе жазу. Көлемі 1 беттен аспауы керек (20 минут).

3. Қорытынды ережелер

12. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Комитет анықтайды. Қазылар алқасының құрамы зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, тіл мен әдебиет, педагогика салаларының білікті өкілдерінің қатарынан жасақталады. Сандық құрамы бес адамнан аспауы тиіс.

13. Қазылар алқасы шешім шығару барысында мынадай талаптарды басшылыққа алады:

1) тілдерді меңгеру деңгейі;

2) жауаптың нақтылығы мен дұрыстығы;

3) үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуі;

4) сауатты жазуы.

14. Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.

15. Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-23, 74-08-77, 27-30-43, 8-701-710-89-80 Әлім Сіргебаев.



Утверждено приказом №13 Комитета языковой политики Министерства культуры и спорта

Республики Казахстан от 13 февраля 2020 года

Правила проведения республиканского онлайн конкурса «Тіл шебері»

в рамках мероприятия «Языки народа Казахстана»

1. Общие положения

1.Республиканский конкурс «Тіл шебері» посвящен Дню языков народа Казахстана и проводится среди молодежи, в совершенстве владеющей тремя языками (далее – конкурс).

2. Цель проведения конкурса:

1) Выявление и поддержка молодежи, в совершенстве владеющей тремя языками: казахским, русским и английским языками;

2) Повышение языковой культуры;

3) Пропаганда трехъязычия.

3. Конкурс проводится на казахском, русском и английском языках.

4. В республиканском конкурсе могут принять участие 17 претендентов в возрасте от 21 до 35 лет, отобранных из городов Нур-Султана, Алматы, Шымкента и 14 областей.

2. Порядок проведения конкурса

6.Организатор конкурса – Комитет языковой политики Министерства культуры и спорта Республики Казахстан (далее – Комитет).

7.Объявление о проведении конкурса публикуется в средствах массовой информации за 1 месяц и размещается на интернет-ресурсе Министерства.

8. Письменная заявка на участие в конкурсе подаётся после опубликования объявления на адрес электронной почтыtilsheberi@gmail.com до 4 сентября 2020 года с приложением следующих документов:

1) заявка (по форме согласно приложению к Правилам);

2) копия удостоверения личности.

9. Заявка, предоставленная после срока, указанного в пункте 8 Правил, не подлежит к участию в конкурсе.

10. Представленные в Комитет документы не возвращаются.

11. Конкурс состоит из следующих этапов:

1) «Елтаным» – ответ на трех языках по картинам, представленным на экране по истории и великим личностям казахского народа, казахской земле и ее регионам. Мысль, высказанная на одном языке, не должна повторяться на втором языке (ответ начинается на казахском языке, продолжается на русском, заканчивается на английском языке), (3 минуты);

2) «Сөзтаным» – чтение представленных на экране предложений, быстрый и без запинок перевод на русском и английском языках (2 минуты);

3) «Ойтаным» – написание эссе на государственном языке по данной общей теме. Объем не должен превышать 1 страницы (20 минут).

3. Заключительные правила

12. Для оценки работы участников конкурса и определения победителей и призеров создается жюри. Состав жюри определяется Комитетом. Состав жюри формируется из числа представителей интеллигенции, ученых, квалифицированных представителей в области языка и литературы, педагогики. Количественный состав не должен превышать пяти человек.

13. При вынесении решения жюри руководствуется следующими требованиями:

1) уровень владения языками;

2) достоверность и правильность ответа;

3) чистая орфоэпическая речь на трех языках;

4) грамотное написание.

14. Победитель и призеры конкурса определяются по итогам голосования жюри.

15. Победитель и призеры Конкурса награждаются специальными дипломами, благодарственными письмами и денежными призами.

Контактные телефоны: 8 (7172) 74-05-23, 74-08-77, 27-30-43, 8-701-710-89-80, Алим Сергибаев.

Тегтер: "Тіл шебері" байқауы, Ереже, екі тілде
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

169

ақпарат

«РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДА БЕКІТІЛГЕН ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ» БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

240

ақпарат

ЖАҺАНДЫҚ КЕҢІСТІККЕ ЖОЛ АШЫЛАДЫ

281

ақпарат

ДАБЫСЫ КЕТКЕН АЛЫСҚА...