Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Sozdikqor.kz» ПОРТАЛЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?

12.8.2020 358
Сөзімізді бастамас бұрын тілдік қорымыз туралы бірер мәліметке назар аударалық. Мысалы, Мұхтар Әуезовтің 20 томдық шығармаларындағы сөз саны 30 мыңнан астам екен. Ұлы жазушы өзінің «Абай жолы» роман-эпопеясында 16983 сөз қолданыпты. Әлемдік әдебиет тәжірибесіне жүгінсек, А.Пушкин өз шығармаларында 21197, У. Шекспир – 15000 сөз қолданған.

1974-1986 жылдары шыққан «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» 66 мың 994 атау сөз орын алған, ал 2005-2011 жылдары басылған 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» 92 мың 300 сөз бар екен.

Осының бәрін қарап шығу үшін қанша уақыт жұмсар едіңіз.

Ал Сіз қалтаңыздағы ұялы телефон арқылы бір мезетте 400 мың қазақтың небір шұрайлы сөздерін үнемі жаныңызға серік қылып жүргеніңізді білесіз бе?

Осы ақпаратты дайындау барысында бір әріптесіміз кейбір сөздердің мағынасын іздеп, аракідік ғаламтор көмегіне жүгінетін кезі болғанымен, осынша байлыққа кенеліп жүргенін сезбегенін таңданыспен еріксіз мойындады.

Мәселенің мәнісі: Sozdikqor.kz порталында.


Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жариялап отырған бұл интернет-ресурс кез келген уақытта ана тіліміздің өзіңізге қажетті қалаған сөз маржаны мағынасын санаулы секундта түсіндіріп бере алады.

Бұл – әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін, қазақ тіліндегі көне сөздерді, кірме сөздерді, аймақтық және ақпараттық технологиялардың даму кезеңіндегі жаңа технологиялық сөздердің мағынасын көруге мүмкіндік беретін платформа.

«Сөздікқор» порталының іздеу жүйесі арқылы сөздердің дефинициясын, синонимін, антонимін, омонимін, фразеологиялық тіркесте немесе сөйлем ішінде кездесуін бір бетте көруге болады.

Қазіргі таңда қорда 1 243 850 тілдік бірлік бар.

Бұл сайттың мобильді қосымшасын жүктеп алуға болады.

Сондай-ақ, «Телеграм» әлеуметтік желісінде қолдануға өте тиімді Sozdikqor.kz деген бот бар. Бұларды қалта телефоныңызға жүктеп алу арқылы тіл мұхитында еркін жүзіп, айбынды ана тіліміздің шетсіз-шексіз айдынына алаңсыз саяхат жасай аласыз.

Sozdikqor.kz порталының қызметін пайдаланыңыздар!

Тегтер: сөздікқор кз, жарнамалық ақпарат
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

159

ақпарат

«РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДА БЕКІТІЛГЕН ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ» БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

240

ақпарат

ЖАҺАНДЫҚ КЕҢІСТІККЕ ЖОЛ АШЫЛАДЫ

274

ақпарат

ДАБЫСЫ КЕТКЕН АЛЫСҚА...