Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ТЕРМИН ӨЗГЕРТУГЕ ТҮРТКІ БОЛЫҢЫЗ

7.8.2020 276
2018 жылы termincom.kz сайтында сала мамандары мен көпшілік арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, ақпараттық және техникалық шешімдердің бағдарламалық-ақпараттық кешенін орнату және оны жетілдіру мақсатында «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» атты электрондық алаң іске қосылды.

Бүгінде электрондық алаң арқылы сұрақ-жауап форматындағы офлайн-конференцияны тыңдап, баяндамашыға сұрақ қоюға, онлайн-семинарлар мен конференцияларға қатысуға, салалық терминдерді көпшілікпен талқылауға, терминдерге балама нұсқа ұсынуға және оларға дауыс беруге болады.

Бұл кешен қазақ терминдерін ашық талқылауға мүмкіндік береді.

2020 жылы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы termincom.kz сайтының ютуб каналында бірнеше іс-шара өтті. Атап айтсақ, «Терминком.кз сайтының қызметі, оны жетілдірудің жолдары» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырылды. Онлайн-семинарда Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкері Айгерім Қожахмет сайт бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде ақпаратпен бөлісті. ІТ саласы мамандары Рымбек Ізғали, Әділбек Бөкетаев және Сымбат Әбдіқұл және сайт қолданушысы Қостанай облыстық Тілдарын орталығының әдіскері Айнұр Нұрбекова баяндама жасады.

Аталған шара туралы ақпаратпен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=JR8lnMkdYcU

Ал, «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңының техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру» атты онлайн-семинар электрондық алаңды жетілдіруге бағытталды. Онда электрондық алаңның тұрақты қолданушылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшесі, м.ғ.к. Мұхамбедия Ахметов, «Қазақы терминдерді халық жасайды» республикалық онлайн-байқауының жеңімпазы Серік Ерғали, ІТ саласының мамандары Сымбат Әбдіқұл және Бейбітжан Құдабай баяндама жасады. Нәтижесінде termincom.kz сайтының техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру қолға алына бастады. Бұл туралы төмендегі сілтеме бойынша ақпарат алуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=EhhyOX2ULlI

Терминологиялық сөздіктерді сапалы әзірлеуге нұсқаулық ретінде терминологиялық сөздіктердің авторы филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы және филология ғылымдарының докторы, профессор Сәбира Исақованың қатысуымен «Терминологиялық сөздіктер жасаудың отандық және халықаралық тәжірибесі» атты онлайн-конференция ұйымдастырылды.

Ғалымдар терминологиялық сөздік жасаудың отандық және халықаралық тәжірибесіне тоқталып, нақты ұсыныстарымен бөлісті.

Нақтырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=XG1P-NCuXOQ

Сонымен қатар бүгінде өзекті тақырыпқа айналған әлеуметтік желі терминдері жөнінде «Әлеуметтік желі терминдерінің терминжасамдық орны» тақырыбында онлайн-конференция өткізілді. Онлайн-конференцияда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Нұрлан Құныпияұлы Шүленбаев, Shonbay Online университеті PR & Media бөлімінің жетекшісі, SMM-manager, копирайтер Ақерке Беріккелдіқызы Камал әлеуметтік желі терминдерінің қолданысы, оның тіл мәдениетіне әсері жөнінде баяндама жасады.

Конференция барысымен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=NfVUIWro0gk

Электрондық алаң терминологияның әртүрлі салалары бойынша офлайн-конференциялардың орналастырылуымен ерекшеленеді. Жоспарға сәйкес бүгінде филология ғылымдарының докторы Бекжан Әбдуәлиұлының, филология ғылымдарының кандидаты Бауыржан Иманғалиевтің және педагогика ғылымдарының магистрі Серік Ерғалидің қатысуымен қазақ тіл білімі, бұқаралық ақпарат құралдары мәне қоғамдық тамақтану орындары салаларының терминдеріне байланысты дәрістері түсіріліп, алаңға ілінді.

Дәрістердің сілтемесі мынадай:

https://www.youtube.com/watch?v=2U19BgUqi8Y;

https://www.youtube.com/watch?v=04zsQcOUErw&t=1687s;

https://www.youtube.com/watch?v=2FrNVxUCSzw&t=760s.

Оған қоса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы терминологиялық комиссияның жұмысы электрондық алаң арқылы жүзеге асады. Үстіміздегі жылы терминологиялық комиссия мүшелерінің 2 отырысы ұйымдастырылды. Комиссия мүшелерінің дауыс беру парақтары алаңға орналастырылды. Жалпы алғанда 1052 термин алаңға ілініп, комиссия мүшелерімен талқыланды.

«Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» атты электрондық алаңның жұмысы жалғасуда.

Сіздерді ғалымдардың, мемлекеттік қызметкерлердің және қарапайым халықтың ой-пікірлері бір ортада талқыланатын АЛАҢДА күтеміз.

Тегтер: электронды алаң, пікір күтеміз
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

169

ақпарат

«РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДА БЕКІТІЛГЕН ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ» БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

240

ақпарат

ЖАҺАНДЫҚ КЕҢІСТІККЕ ЖОЛ АШЫЛАДЫ

281

ақпарат

ДАБЫСЫ КЕТКЕН АЛЫСҚА...