Балалар бәйгесі мәреге жетті

"Балалар жүрекпен үн қатты" байқауының қорытындысы
Tilalem.kz

Tilalem.kz

13 маусым, 2020

БАЛАЛАР БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай әлеуметтік желілерде ұйымдастырған «Балалар жүрекпен үн қатады» атты байқауы өз мәресіне жетті.

Байқаудың негізгі мақсаты – тұғырлы ана тіліміздің құдіретін таныту; барша қазақстандықтарды біріктіруші фактор ретіндегі рөлін насихаттау;қазақ тілінің сұлу әуезділігін паш ету, көркем де айшықты түрде бейнелеу; жас ұрпақтың бойында өз туған тілі үшін мақтаныш сезімін ояту.

Сондай-ақ, балаларды туған тіліне деген құрмет сезіміне баулу, ұлттық нышандарымыз арқылы ұлтжанды тұлға тәрбиелеуге ықпал етуді басты назарда ұстады.

Байқаудың шарты бойынша, 7-12 жас аралығындағы балалар ғана қатысуға мүмкіндік алып, екі шумақтан, он екі жолдан аспайтын шығарма оқуға міндетті болды.

Тақырыптың маңызын жұдырықтай жүрегімен, ынтамен қабылдаған жас өркен ыстық ықылас танытып, жоғары белсенділікпен қатысты.

Кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен бәйгеден үміткер бүлдіршіндер 4-12 маусым аралығында әлеуметтік желідегі өз парақшасында бейнебаян жариялады.

Қазылар алқасы осы орайдағы жұмыстарды жан-жақты сараптап, байқау шартының бұзылмауын қатаң қадағалап отырды.

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Бас директорының орынбасары, Қазылар алқасының төрағасы Айдос Әбдіхалық: «Көзі қарақты оқырман бір аптадан астам уақыт балбұлақтың сылдырына құлақ түріп, бала тұлпардың тұяқ дүбіріне әбден қанықты деуге болады. Туған тіліміз туралы жыр маржандарын теріп алып, көздері жалт-жұлт етіп жан-тәнімен беріле оқыған жас талапкер көңіліңді өсіреді. Тақырып таңдауы, оны игеріп, көрерменге жеткізе білуі – биік талғам мен сөз жауһарын жүрекпен ұғатындықтарынан хабар береді. Диплом тағайындар кезде әр құлыншақтың бір-бір ерекшелігін баса көрсетуге тырыстық».

Сан мыңдаған оқырман белсенді қатысушылардың аяқ алысына мейлінше қолдау білдіріп, бөлісіп отырды. Балғын таланттардың бәрінде дерлік жүзге жуық жүрек лүпілі мен ақ баталы ақжолтай тілек жүр. Бұдан байқаудың ел арасында үлкен қозғалыс тудырғанын аңдау қиын емес.

Нәтиже төмендегіше:

№/№

Үміткердің аты-жөні

Мекен жайы

Бәйгеденалған жүлдесі

1.

Ержан Әдемі, 8 жаста,

Дихан Әбілев, «Туған тілім».

Нұр-Сұлтан қаласы

Диплом

Бас жүлде

2.

Арнұр Сағатбек, 6-сынып оқушысы,

Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым».

Алматы қаласы

Диплом

І орын

3.

Тоқтамұрат Бекболат Бижанұлы, 7 жаста,

«Мен бақытты баламын».

Нұр-Сұлтан қаласы

Диплом

ІІ орын

4.

Нұрислам Болатұлы,

Мұқағали Мақатаев, «Үш бақытым».

Қызылорда қаласы

Диплом

ІІ орын

5.

Жақсыбек Инабат Тлеуханқызы, 9 жаста,

Мұқағали Мақатаев, «Үш бақытым».

Түркістан облысының Түлкібас ауданы М.Шаханов атындағы мектеп

Диплом

ІІІ орын

6.

Жұмабек Ернұр Нұрланұлы, 7 жаста,

Әбділда Тәжібаев, «Ту».

Түркістан облысының Сарыағаш ауданы Дербісек елді мекеніндегі Т.Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

Диплом

«Ынталы жүрек» аталымы

7.

Нағашбек Әйгерім Рысмаханқызы, 9 жаста,

Бәкір Тәжібаев, «Туған жер»

Шымкент қаласы Фурқат атындағы №37 мектеп

Диплом

«Мәнерлеп оқу» аталымы

8.

Қамза Санжар Рақымжанұлы, 9 жаста,

«Туған жерге тірек болу – ерге сын».

Түркістан облысының Түлкібас ауданы С. Сейфуллин атындағы орта мектеп

Диплом

«Тақырып тағылымы» аталымы

9.

Жасұлан Аянат,

Мағжан Жұмабаев, «Қазақ тілі».

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің «Еңбекші» бөлімше кітапханасының оқырманы

Диплом

«Сезім мөлдірлігі» аталымы

10.

Амангелді Айару Ақылбекқызы,

Мағжан Жұмабаев, «Қазақ тілі».

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық Хаби Халиуллин атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысы

Диплом

«Тақырып тереңдігі» аталымы

11.

Құлманов Әлішер Ермекұлы,

«Әлемнің күн көзіндей...»

Қызылорда қаласы

Диплом

«Жалынды жігер» аталымы

12.

Жәнібек Әли Қанатұлы,

Қадыр Мырза Әли, «Ана тілің – арың бұл».

Өскемен қаласы әкімдігі арнаулы орта мектебінің 4 сынып оқушысы

Диплом

«Қайрат қайнары» аталымы

13.

Демес Жанерке Шалхарқызы

«Елтаңба».

Қызылорда қаласы

«Инабат иірімі» аталымы

14.

Жұмаділ Дінмұхаммед, 8 жаста,

Несіпбек Айтұлы, «Ана тілім».

Қызылорда қаласы

Диплом

«Бала тұлпар» аталымы

15

Тортаев Ержан Мақсұтұлы, 11 жаста,

«Шыр етіп дүниеге мен келгенде».

Алматы облысының Ақсу ауданы І.Жансүгіров атындағы ауыл

Диплом

«Әдемі әрлеу» аталымы

16

Теміржан Гүлназ Ержанқызы,

Мұзафар Әлімбаев, «Ана тілім».

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданы, Ақоба ауылдық Хаби Халиуллин атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысы

Диплом

«Бұлақ сылдыры» аталымы

«Туған тіл – тұғырың», барша жүлдегерлерді жүрекжарды қуаныштарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Баға беріңіз