"Қиын - қыйын", "туу - тұуұу" қалай жазғанымыз дұрыс?

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ONLINEda bol жобасы аясында Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби негізіндегі ұлттық жазудың жаңғыруы» тақырыбындағы о...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

28 сәуір, 2020

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ONLINEda bol жобасы аясында Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби негізіндегі ұлттық жазудың жаңғыруы» тақырыбындағы онлайн дәріс көпшіліктің сұрауымен өз жалғасын тапты.

Осыған орай Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы Анар Фазылжанова «И мен У-ды жаңа әліпбиде бір таңбамен берудің фонетикалық негіздері» тақырыбында дәріс өткізді. Ғалым өткен аптада онлайн дәріс өткізген профессор Нұргелді Мақажанұлы идеяларын жалғастырып, и, у дыбыстарын латын әліпбиін қабылдағанда да бір таңбамен қалдырудың фонетикалық негіздерін талдап берді. А.Фазылжан жетілдірілген әліпби жобасында басқа әріптердің дыбыстық мәні бір ғана фонеманы білдірсе, İi (й,и) мен Uu (у) әріптері күрделі дыбыстық мәнді білдіретінін айта отырып, Uu (у) әрпі дауыссыздан кейін тұрғанда ұу, үу, ыу, іу дыбыс тіркесін және дауыссыз у-ды, ал İi (й,и) әрпі дауыссыздан кейін ый, ій дыбыс тіркесін және дауыссыз и-ді таңбалайтынын түсіндірді. Ғалым бұлай жазу кирил графикасынан бері қалыптасып, қазіргі қазақ жазарманының санасында базалық норма ретінде әбден орныққандықтан, бір ғана таңбамен жазуда қате жібермейтінін, сұу, бұу, тұу, іит сияқты сөздерді екі әріппен жазғанда орфоэпияға нұқсан келмейтінін атап өтті.

Дәріске Zoom сервисі бойынша 89 тіл маманы қатысты. Фейсбук желісіндегі ONLINEda bol парақшасы арқылы 50 адам тыңдаған.

Дәрістің толық нұсқасын мына сілтемеден қарай аласыздар.

Сілтемеге өту......


Баға беріңіз