Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Мемлекеттік тіл туралы ұсыныстар

9.9.2019 8828
​Осындай ұсыныс айттым. Ылғи "керек", "қажет" деппін. Айту оңай енді, әрине. Дегенмен айта берсек, Иншалла, іске асар деген игі үмітпен..... Және осы "керек", "қажетті" өзің де жаса десе, "Алла берген қуатым барда, аянып қалмаймын" дейдін идеяластарым көп екенін сеземін. Мемлекеттік тіл туралы ұсыныстар:

1. Мемлекеттік тіл туралы заң керек, онда «қазақ тілін білу міндет» деп көрсету керек, қазіргі заңда «парыз» деп берілген. Заңда мемлекеттік тілдің қолданылатын алаңдары мен жағдаяттары нақты көрсетілу керек, олар орындалмағанда қолданылатын жазалау шаралары нақты көрсетілу керек. Казтест бойынша біліктілігі анықталған тұлғалар ғана лауазымға тағайындала алу керек.
2. Конституцияның 7 бабындағы «орыс тілі ресми қатынаста мемлекеттік тілмен қатар қолданылады» деген бөлікті алып тастау керек.
3. Өзге тілді мектептердегі «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәнін қосып жіберген. Қазақстанда «Қазақ әдебиеті» дербес пән ретінде оқытылуы керек, оның мазмұнын кративтендіру керек, яғни классиктермен бірге замандас қаламгерлердің де, жеке тұлғаны дамытатын көркем емес әдебиеттердің де контентін оқытуды қосу керек;
4. Орыс және ағылшын тілін оқытуды жалпы білім беретін мемлекеттік мекемелерде қатаң түрде 3 немесе 5-сыныптан бастау керек;
5. Жалпы білім беретін мектептерде барлық пән ана тілінде оқытылуы керек. Жаратылыстану пәндерін орта мектептерде ағылшын тілінде оқытуға қатаң тыйым салу керек. ЖОО-да ғана ағылшын тілінде оқытуға болады;
6. Қазақ тіл білімі – мемлекеттік тіл саясатының ғылыми базасын жасақтайтын стратегиялық маңызды ғылым саласы. Осы ғылымды жасап отырған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының мәртебесін көтеру керек. Басшылығын тағайындауда мұқият болу керек. Басшылығы ғалым болуы тиіс. Сол сияқты Нұр-Сұлтанда да мықты тілтанымдық ғылыми орталық ашу керек. Алматыдағы Тіл институтымен бәсекелестікте тіл ғылымы жақсы дамиды: Москва мен Петербор лингвистикалық мектептері осы бәсекелестіктің арқасында әлемге әйгілі жаңалықтар ашты.
7. «Қазақ тілінің қоғамдық беделі (имиджі)» атты жобаны іске қосу керек, оған әсіресе мектеп басшылықтары мен ата-аналардың тандемінен құралған қоғамдық белсенділерді араластыру керек. Мектеп сабақтан басқа уақытта мұғалімімен қосып орысша сөйлейді!
8. Ғылым, технология, бизнес, басқару, дипломатия мен ақпарат қазақша болмай іс оңбайды. Нақты шаралар жоспары керек. Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына осы салалардағы қазақ тілін дамытуға қатысты шаралар қосылады, бірақ бағдарламаны Мәдениет және спорт министрлігі басқа министрліктермен, әсіресе қаржы, экономика министрліктерімен үйлестіру кезінде олардың көбі алынып тасталады, сөйтіп мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге арналған шаралар негізінен тек мәдениет саласының мекемелерінде жүзеге асады.
9. Қазақ тілі интернет кеңістігінде салтанат құрмай, ондағы оның сапасы артпай, жастарды тілге баулу қиын. Сондықтан барлық қазақ мәтіндерінің «ақылды виртуалды базасы» болып табылатын «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» атты мегажобаны Ұлттық жоба ретінде бірнеше мекеме, мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар бірлесіп жүзеге асыру керек;
10. Sayasat Nurbek бастамасымен Жаңа мамандықтар тізбесі әзірленіп жатыр. Осы мамандықтарға оқытатын құралдар қазақ тілінде әзірлену керек: Ұлттық аударма бюросы оқулықтарын аударса, отандық мамандар ұлттық контентпен оқулықты толықтыру керек, себебі аударма-оқулық жас ұрпақ санасын ұлттық сипатта дамыта алмайды;
11. Қазақстан мектептерінде шет тілін оқыту курсының мазмұны толық Отандық контентте өрбуі керек. Қазақстандағы ағылшын, орыс тілі пән мұғалімдері ЖОО-да міндетті түрде қазақ-ағылшын, қазақ-орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы, салғастырмалы лексикасы, салғастырмалы фонетикасы курстарынан өтуі керек. Осы пәндерді міндетті курс ретінде енгізу керек.
12. ЖОО-да филологиялық білім беруге реформа керек: лингвист-логопед (қазақша тіл сындыратын), лингвист-спичрайтер, лингвист-копирайтер, лингвист-психолог, лингвист-юрист, лингвист-экономист т.б. осы сияқты тарбейінді тілтанушыларды базалық филология дайындап шығу керек, қоғамда қазақ тіліне сұраныс көп, маман тапшы, қазақша мәтіннің көбі тартымсыз аудармаға айналып отыр.
13. БҒМ мектептегі және ЖОО-дағы «Қазақ тілі» ғылыми курсының мазмұнын, «Қазақ тілі» пәнінің мақсатын, міндеттерін, концепциясын жаңарту керек.
14. БҒМ Ғылым комитеті Қазақстанда қорғалатын ғылыми диссертацияның бір данасы міндетті түрде мемлекеттік тілде әзірленіп, МемҒТАИ (ГосИНТИ)-ға базаға өткізілуін қолданысқа енгізу керек;
15. Барлық ғылыми есептердің бір данасы міндетті түрде мемлекеттік тілде әзірленуі керек, базаға өткізілуі керек. Қазақша ғылыми мәтін жоғалып кетті!!! Ғылыми санаға нұқсан келеді!
16. Балаларға арналған сапалы зияткерлік мәтіндер жоқ. Ол үшін авторлар пулын жасақтап, балаларға арналған ғылыми, ғылыми-көпшілік, көркем, публицистикалық, т.б. мәтіндер корпусын жасау керек. Ересектерге арналған мәтіндерді балаларға адаптациялау ісін Білім және ғылым министрлігі арнайы бағдарлама арқылы жүзеге асыру керек. Сонда оқулық авторлары ойдан мәтінді қалай болса солай құрамайды. Оқулық сапасы артады.
17. Латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге ішінара реттеулер, түзетулер жасау керек: бұл – халықтың пікірі. Мұны тілтанушы ғалымдар ғана жасау керек. Әліпбидің соңғы нұсқасын Орфографиялық жұмыс тобы мақұлдауы керек. Сонан кейін ғана бекітуге берілгені дұрыс болар.
18. Латын әліпбиіне көшуді Ұлттық компаниялар, саяси элита, экономикалық, бизнес және қаржы элитасы «бізге қатысы жоқ» реформа деп ұғып жүргені байқалады. Бұл қауіпті. Осы салаларда латындандыру саясатын жүзеге асыратын шараларды арттыру керек;
19. Жаңа әліпби негізіндегі Емле ережелерін және Орфографиялық сөздікті Үкімет бекітуі керек. Әйтпесе жазудағы плюрализм орнығады, бұл өте қауіпті, ұлт сауаттылығын төмендетеді.
20. Қазақ гуманитарлық ғылымын жасақтап отырған Тарих, этнография, Әдебиет, Тіл, Археология, Философия Ғылыми-зерттеу институттарының беделін арттыру керек, базасын, әсіресе қаржылық, ғылыми, кадрлық базасын күшейту керек.
21. Ғылымның беделі түсті, ғалымның беделі қалмады, Тәуелсіздік алғалы бірде-бір ғалымға арнаулы үй берілмепті. Әлеуметтік қорғаусыз қалған топтың бірі, бірегейі – ғалымдар. Ғалым беделін арттыратын жобаны іске қосатын кез келді.
22. Ғылымды басқару ісі мүлде ойсырады. Ал бұл өз алдына ерекше сала. Ғылымды басқару менеджерлерін даярлау курстары керек. Алматыдағы Бизнес академиясы осы курстарды ұйымдастырған тәжірибесі бар.

Тегтер: Тіл туралы заң, ұсыныс, мемлекеттік тіл, ресми тіл

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

17843 Тіл райы

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ. БҮГІНІ. КЕЛЕШЕГІ

20758 Тіл райы

Сіздерде бәрі орысша...

4456 Тіл райы

Семейде қазақ тіліндегі жарнамалардан 70-тен астам қате табылды