Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Әрбір қазақстандық қазақ тілін білуге "міндетті" болуы тиіс!

9.9.2019 3879

Көп елде тілдік ахуал өзгерген уақытта оның заңнамалық базасы да өзгеріп отырады, сөйтіп тіл саясатында қоғам мен заманның талаптарына жауап беретін тетіктер жаңарады. Посткеңестік кеңістіктегі елдерде тіл саясатының заңнамалық базасының өзгеруі қарқынды түрде жүзеге асырылды. Мәселен, Грузия, Армения, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, тіпті Ресей Федерациясы да Кеңес өкіметі кезінде қабылданған заңдарын өзгертті, Балтық жағалауы елдері тәуелсіздік алғалы Мемлекеттік тіл туралы заңдарына үш рет өзгеріс енгізді. Ал сарапшылардың пікірінше, 1997 жылы өзгертулер мен толықтырулар жасалған Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы 1989 жылғы Кеңес өкіметі кезінде қабылдаған орыс-қазақ қостілділігінің қолданысын толық сақтауға қызмет етіп келеді, елдегі әлдеқашан өзгерген тілдік жағдаятқа толық жауап бермейді. Демократиялық елдерде мемлекеттік тілді білу – азаматтары үшін «міндет» болып табылады:

- «Әзербайжан Республикасының әрбір азаматы әзербайжан тілін білуге міндетті» (Азербайжан Республикасының мемлекеттік тіл туралы заңы. 1-бап, 1.1 тармақ),
- «Француз тілін қолдану мыналар үшін міндетті болып табылады:...» («Использование французского языка является обязательным») деп әр саладағы қолданыс алаңдар мен жағдаяттар егжей-тегжейлі санамалап баптар бойынша көрсетіледі (Француз тілінің қолданысы туралы № 94-665 Франция заңы («Тубон заңы»). 2-бап).
- орыс тілінің Ресей Федерациясының мемлекеттік тілі туралы мәртебесі осы және басқа да Федералды заңдарда анықталған салаларда оның қолданысының міндеттілігін білдіреді..., («статус русского языка как государственного языка Российской Федерации предусматривает обязательность использования русского языка в сферах, определенных настоящим Федеральным законом, другими федеральными законами….»).
Мысалдар тізімін жалғастыра беруге болады. Қазақстанның тіл туралы заңында мемлекеттік тілді «білу», «қолдану» емес, «меңгерудің» өзі тек «парыз» деп қана көрсетілген: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы» (Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заң. 4-бап). Мемлекеттік тілді «білу», «қолдану» оның азаматтары үшін міндет болған жағдайда ғана тіл саясатындағы (өз кезінде жемісін берген) либералды (әсірекеңшіл) қағидаттың орнын инструменталды (нақты шаралары көрсетілген) қағидат басады, яғни мемлекеттік тілге деген қажеттіліктің заңнамалық негізі қаланады.
Сонымен, Дос Көшім аға айтқандай, «Мемлекеттік тіл туралы» заңдарда Қазақстанның тәжірибеге енгізуі үшін үлгі аларлық екі түрлі мәселе бар екені анық: бірі – талап пен міндеттеу болса, екіншісі – тілге қатысты жауапкершіліктің белгіленуі.

Тегтер: Мемлекеттік тіл, Тіл туралы заң, ЗАҢ, қазақ тілі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

7507 Толғаныс

"Қазақ тілінде сөйлемесе, ол менің балам емес"

6493 Толғаныс

Барым да, бағым да - қазақ тілі

6351 Толғаныс

Кофе және әдебиет 4