Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​«Жаңа емле» оқу құралы: мазмұны мен құрылымы

17.7.2019 1157
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан «Жаңа емле» оқу құралын әзірлеу жұмысы қолға алынды.

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан «Жаңа емле» оқу құралын әзірлеу жұмысы қолға алынды.

Әліпбиді өзгерту деген тек кирилл әріптерін латынмен алмастыру ғана емес, ол жазу саласына реформа жүргізіп, қазақ тілінің орфографиялық және орфоэпиялық заңдылықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу дегенді білдіреді. Орфография арқылы қалыптасатын жазу жүйесі міндетті түрде тілдердің рухани және материалдық мәдениетінің өркендеуіне ықпал етеді. Тілші-ғалымдардың пікірінше, ең жақсы жазу деп ереже-ескертпелері мейлінше аз жазу танылады екен. Ондай жазу үлгісі тілдің төл дыбыстары мен төл таңба­лар үйлесімін тапқанда ғана құрастырылатыны белгілі. Ендеше, оқу құралын әзірлеуші авторларға да қойылатын талап та аз емес.

Әдістемелік өнімді әзірлеудегі басты мақсат – жаңа емле ережесін түсіндіре отырып, тыңдаушының жазу және оқу дағдысын жетілдіру, айтылым нормасын дұрыс қалыптастыру.

Негізгі міндеттері:

  • қазақ әліпбиіндегі әріптердің баспа түріндегі және жазбаша жазылу үлгісімен таныстыру;
  • түбір мен қосымшаның емлесін меңгерту;
  • бірге жазылатын сөздердің емлесін меңгерту;
  • бөлек жазылатын сөздердің емлесін меңгерту;
  • дефиспен жазылатын сөздердің емлесін меңгерту;
  • бас әріппен жазылатын сөздердің емлесін меңгерту;
  • қысқарған сөздердің емлесін меңгерту;
  • әліпбиден түсіп қалған кирилләріптерінің жазылымын меңгерту;
  • шеттілдік сөздердің жазылымын меңгерту;
  • тасымалға байланысты өзгерістермен таныстыру;
  • жазу және көшіріп жазу дағдысын қалыптастыру;
  • оқу дағдысын қалыптастыру;
  • тыңдалым дағдысын қалыптастыру;
  • сөздікқорды, тіл байлығын арттыру;
  • қазақ сөздерінің үндесімін үйрету, сөздің дұрыс айтылымын қалыптастыру.

Жоғарыдағы мазмұнды меңгерген курсқа қатысушы белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді.

Атап айтқанда, жазылым бойынша:

  • қазақ әліпбиіндегі әріптердің танып, ажырата алады;
  • әріптерді жазбаша түрімен жаза алады;
  • емле ережесін меңгереді;
  • жазба жұмыстарының барлық түрін сауатты орындай алады;
  • жазбаша жаттығулар мен тапсырмаларды түсініп орындай алады;
  • қатемен жұмыс жасап, өзін-өзі түзете алады.

Оқылым бойынша:

  • қазақ әліпбиіндегі әріптердің жазбаша және баспаша түрін дұрыс ажырата алады;
  • әріптердің жазбаша түрін де, баспаша түрін де оқи алады;
  • нормаға сәйкес оқу дағдысын қалыптастырады;
  • оқылымға арналған тапсырмаларды талапқа сәйкес орындай алады;
  • латыннан кирилге, кирилден латынға оңай ауысып, тапсырмаларды дұрыс орындай алады.

Тыңдалым бойынша:

  • ақпаратты есту арқылы сөздің айтылу дағдысын дұрыс қалыптастырады;
  • тыңдалым тапсырмаларын орындау арқылы жазу және оқу дағдысын жетілдіреді;
  • тыңдаған материалды түсініп, сол бойынша берілген тапсырманы
  • орындау дағдысы қалыптасады;

Оқу құралын түзуде басшылыққа алынатын ұстанымдар:

  • дидактикалық ұстаным
  • білімді белсенді түрде меңгеру ұстанымы;
  • ғылымилық ұстанымы;
  • жүйелілік ұстанымы;
  • меңгерілген білімнің беріктігі ұстанымы;
  • қатысымдық-функционалды ұстаным;
  • танымдық ұстаным;
  • көрнекілік ұстанымы.

Оқу құралы мазмұнының басты ерекшелігі:

  • жаттығуларды орындау жеке және топтық жұмыстарға бағытталған;
  • лексикалық минимум ескерілген;
  • тапсырмаларды беру жеңілден күрделіге ұстанымына негізделген.

Сонымен, жоғарыдағы мақсат-міндеттер жүзеге асырылғанда, жазбаша сөйлеудің қалыптасуына түрткі болады.

Жазбаша сөйлеудің ерекшелігі:

Осыдан келіп жазылымның графикасы мен емлесіне мән берудің қажеттігі туындайды.

  • әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады;
  • бұл графикалық таңбалар белгілі бір
    фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады;
  • жазылым құбылысында сөйлеу әрекетінің барлық түрі қатысады.

Жазуды меңгеруде лингвистикалық жақтан үйретілетін негізгі мәселе – орфография.

Ол – белгілі бір сөзді әріптік таңбалар арқылы дұрыс жаза білудің ережесі. Мұндай ережені игермей тұрып, жазуды да, тілді де сауатты меңгеру мүмкін емес. Осыдан келіп сауат ашудың алғышарттары шығады:

  • дыбысты әріппен таңбалай білу;
  • каллиграфиялық талапқа сай жазу;
  • емле ережелерін дұрыс түсініп, ережеге сай жаза білу.

Оқу құралы арқылы латын негізді жаңа әліпбидің емле ережесін үйретуде дағды қалыптастыру маңызды. Дағды қалыптастырудың негізгі шарттары:

1. Ережені білу.

2. Ережені қолдану тәсілдерін білу.

3. Дағды қалыптастыратын жаттығулар.

Жазу дағдысын қалыптастыру жолдары:

  • лайық ережелерді пайдалану;
  • тұрақты түрде жазу;
  • қаламмен жазу;
  • жиі жазу.

Белгілі педагог Я.А.Коменский ереже жөнінде мынадай талаптар қояды:

  • әрбір ғылым өте тұжырымды, дәл ереже арқылы берілуі тиіс;
  • әрбір ереже қысқа, бірақ өте айқын сөздермен баяндалуы тиіс.

Жазудың маңыздылығын түсіндіре келіп, А.Байтұрсынов: «Жаза білу үшін тілдегі дыбыстарды тани білу керек. Ол дыбыстарға арналған әріптерін тани білу керек. Таныған әріптерін жаза білу керек. Жазған әріптерін дыбысымен атай білу керек», - дейді.

Жаттығу – оқыту әдісі, бірнеше рет қайталанатын іс-әрекет, білік пен дағдыны игеруде және олардың сапасын көтеру мақсатында білік пен дағдыны дамытуда қолданылады. Сауаттылыққа үйретуде жаттығу жұмысының мәні зор. Оқу құралында жаттығулардың берілуі негізгі мақсат-міндетпен толықтай сәйкес келеді. Шартты түрде бұл жаттығуларды былайша топтастыруға болады:

  • сабақтың белсенді лексикасын игертуге арналған жаттығулар;
  • жазу дағдысын дамытуға арналған жаттығулар;
  • оқу дағдысын дамытуға арналған жаттығулар;
  • тыңдалымды дамытуға арналған жаттығулар;
  • тақырыпты бекітуге арналған жаттығулар;
  • топтық және жұптық жұмыс түрлеріне арналған жаттығулар;
  • көрнекілік ұстанымын жүзеге асыруға арналған жаттығулар.

Жаттығуларды жинақтауда мына бағыттар есепке алынды:

  • қатысымдық бағыт;
  • танымдық бағыт;
  • шығармашылық бағыт.

Естеріңізге сала кетейін, әзірленіп жатқан оқу құралының түпкі мақсаты курсқа қатысушының курс барысында алған білім-білік дағдыларын тәжірибеде дұрыс қолдана алатындай дәрежеге жеткізу болмақ. десек, осы орайда мақсат орындалды деген қорытынды жасаған жөн. Ол үшін жазылым жұмысының сәтті шығуы, ең алдымен, лексикалық минимумға, сөздік қорға байланысты. Екіншіден, жазылым әрекетінің талапқа сай жүзеге асуы тұрақты түрде дағды қалыптастыруға байланысты. Ең бастысы, жаттығулардың бірсарынды емес, түрлендіріліп берілуіне байланысты.

Сонымен, «Жаңа емле» оқу құралына енген жаттығуларға талдау жасап көрейік.

Сабақтың белсенді лексикасын игертуге арналған жаттығулар:

  • Sózderdi durys oqyp úıreneıik.
  • Sózderdi jańa álipbıdegi áripterdiń berilý retimen jazyp shyǵyńyz.
  • Belsendi leksıkamen sóz tirkesin jasańyz.
  • Bos orynǵa sabaqtyń belsendi leksıkasynda berilgen sózderdiń tıistisin qoıyńyz.
  • Sabaqtyń belsendi leksıkasyndaǵy sózderden mysal keltirińiz.
  • Shashylǵan áripterden sabaqtyń belsendi leksıkasyndaǵy sózderdi qurastyryp jazyńyz.
  • Sabaqtyń belsendi leksıkasyndaǵy sózderdiń aıtylymyn jazyńyz.

Жазу дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығулар:

Bos orynǵa áripterdiń tıistisin qoıyńyz. Daýystap oqyńyz.

-Berilgen sózderge qosymsha jalǵap, sóılem qurańyz.

-Qajetti sózderdi qoıyp, berilgen sóılemderdi kóshirip jazyńyz.

-Berilgen sózderdi jańa álipbımen jazyńyz.

-Qazaq tilinde «ıa» jáne «ıý» áripteri bar kisi jáne jer-sý ataýlaryn jazyńyz.
Úlgi: Baıanaýyl

-Mátinen «ıa» jáne «ıý» áripteri bar tól sózderditabyńyz. Sózderdi latyn

qaripinde jazyńyz.

- Qate jazylǵan sózdi tabyńyz. Durys nusqasyn jazyńyz.

- Ertegiden úzindini oqyp, kóshirip jazyńyz. Birikken sózderdiń astyn syzyńyz.

- Berilgen sózderdi birikken sózder men kirikken sózderge bólip jazyńyz

- Berilgen sózderdi eki topqa bólip jazyp, birge nemese bólek jazylý sebepterin túsindirińizder.

- Jaqsha ishindegi sózderdi birge ne bólek jazylatynyn anyqtap, maqal-mátelderdi kóshirińizder.

- «Sózder bankisinen»bólek jazylatyn sózderdi terip alyp, sóılem qurańyzdar.

- Berilgen sózderge qosymsha jalǵap, sóılem qurańyz.

Оқу дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығулар:

  • Sózderdi durys oqyp úıreneıik.
  • Daýystap oqyńyz.
  • Mátind ioqyńyz. Qaramen jazylǵan sózderdi jańa álipbımen kóshirip jazyńyz.
  • Аıtylym normasyn saqtap, mánerlep oqyńyz.
  • Sáıkestendirińiz.
  • Mátindi oqıyq
  • Sózderdi oqyp jattyǵamyz.
  • Mátindi oqyńyz. Ё árpiniń ornyna tańbalanǵan áripti taýyp, astyn syzyńyz.
  • Sózderdi oqyp jattyǵamyz.
  • Aıtylymy boıynsha oqyńyz.

Тыңдау дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығулар:

  • Aýdıomátindi tyńdaý arqyly dıktant jazyńyz.
  • Óleń shýmaqtaryn tyńdap, túsip qalǵan sózderdi tolyqtyryńyz.
  • Tyńdaıyq. Sergitý sáti.
  • Tyńdańyz. Tıisti sózdi jazyńyz.
  • Mátindi tyńdańyz. Tirek sózderdi paıdalanyp, túsingenińizdi aıtyńyz.

Тақырыпты бекітуге арналған жаттығулар:

- Sóz tirkesin jasap, jańaálipbımen jazyńyz.

- Qarama-qarsy jazylym. Latyn qarpimen berilgen sózderdi kırılmen, kırılmen berilgen sózderdi kerisinshe jazyńyz.

- Jup áriptermen kelgen sózderge mysal jazyńyz.

- Sózderdi kóshirip jazyp, y jáne ý áripteriniń jazylýyna mán berińiz.

- Qazaqtyń ulttyq salt-dastúrleri ataýyn taýyp,tabylǵan ataýlardy astyna jazyńyz.

- Sózderdiń jazylymyn jazyńyz.

- Test tapsyrmasyn oryndaıyq.

- Birikken sózder jóninde bilimimizdi júıeleımiz.

- Refleksia.

Топтық және жұптық жұмыс түрлеріне арналған жаттығулар:

  • TOPTYQ JUMYS. Tómendegi qurylymǵa súıenip, qorytyndy jasańyzdar. Jaýapty oqyp berińizder.
  • TOPTYQ JUMYS. Metagramalardy oqyp, sheshýin tabyńyzdar.
  • Toptyq jumys.Tómendegi sózder qandaı zańdylyqqa baǵynady? Topta talqylap, pikirlerińizdi aıtyńyzdar.
  • Juptyq jumys.
  • Juptyq jumys. Berilgen sózderdi jańa álipbımen jazyńyz. Kórshińiz aıtylymyn jazsyn.
  • Juptyq jumys:Uıaly telefon arqyly «Dosym lebiz bildiripti» oıynyn oınaý.
    TOPTYQ JUMYS.Sýret boıynsha mátin qurańyzdar.

A) ǵalamtordan «ıa» jáne «ıý» áripteri bar 5 sóz tabyńyz
Á) áriptesińizge oqyńyz, ol jazady
B) oryndaryńyzben aýysyńyzdar.

Сөздің дұрыс айтылу нормасын қалыптастыруға арналған жаттығулар:

  • Tól álipbıimizben tanysyp, áripterdiń dybystalýyna nazar aýdaryńyz.
  • Aıtylym normasyna saı oqyńyzdar.
  • Óleńdi аıtylym normasyn saqtap, mánerlep oqyńyz.
  • Aıtylymy boıynsha oqyńyz.
  • Sabaqtyń belsendi leksıkasyndaǵy sózderdiń aıtylymyn jazyńyz.
  • Mátindegi sózderdiń durys aıtylǵan qataryn tabyńyz jáne nelikten solaı aıtylyp turǵanyn túsindirińiz.
  • Aitylym.

Сондай-ақ оқу құралында жүйелі түрде болмаса да ұялы телефон арқылы жазылым және оқылым дағдысын қатар қалыптастыруға арналған жаттығулар, сурет бойынша жазылымды қалыптастыруға арналған жаттығулар, сауалнама толтыруға арналған жаттығуқарастырылған.

Білімді бақылау формалары:

  • диктант;
  • аудиодиктант;
  • тест алу;

оқу шапшаңдығын тексеру.

Қорытынды жасар болсақ, жазу – жаңазатты үйренудің ең оңай жолы. Керек ақпаратты көшіріп жазу - оны есте сақтаудың бірден-бір әдісі. Қолмен жазу процесі сол ақпаратты сүзгіден өткізіп, оны маңызды деп санап, ұзақ есте сақтайды. Ғалымдардың пайымдауынша, адам бір тәулік ішінде қайта-қайта жазу арқылы алатын мәліметті 70 пайызға көп көлемде есте сақтайды екен. Ал жай ғана оқып қою мәліметтің 20 пайызын жаттауға сеп болатын көрінеді. Сол себептен де оқу құралында жазылымға басымдық берілген.

Жаңа әліпби мен емле ережелерін үйрену психологиямен тығыз байланысты. Неге десеңіздер, курста алған білімді ұмытпай есте сақтағанда ғана нақтылы нәтиже болмақ. Ұмытудың бірнеше себептері бар екен:

1. Ұмыту алға қойған мақсаттың анық болмауынан болады.

2. Қабылданған материал онша ашық, анық эмоциялы болмаса тез ұмытылады.

3. Есте қалдырылған материалды дұрыс түсінбеу.

4. Қайталау мен жаттығудың болмауынан болады.

5. Материалдың керексіз болуы.

Осы айтылғандардың ішінде соңғы екеуі оқу құралын әзірлеу, толықтыру барысында үнемі есте сақтайтындай қағидаға айналуы керек.

Ақпаратты көп қайталасаң, жадыңда ұзақ сақталатындығы дәлелденген. Дұрыс берілген жаттығу тапсырмалары арқылы білім беки түседі.

Өзіңіз үшін емлесі (жазылуы) қиын сөздерге арналған сөздік қолданыңыз!!! Бұл сөздікке сіз үшін жазылуы еш қалай есте сақталмайтын сөздерді жазып отырасыз. Сөздікке көз тастай отырып, осы қиын сөздерің жазылуын бірте-бірте жаттап аласыз.

Тегтер: әліпби, латын графикасы, оқыту, әдістеме

Сондай-ақ, оқи отырыңыз