Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Жаңа әліпби жаңа белеске шығарады

3.7.2019 2917

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қазақ тілі әліпбиінің бірыңғай стандартын қабылдау міндетін қойған болатын. Онда «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Бұл мәселеге не­ғұрлым дәйектілік қажеттігін терең тү­сініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге тәуелсіздік алған­нан бері мұқият дайындалдық» деп атап көрсеткен болатын.

Дүние жүзінің көптеген елдері осы латын қаріптерін қолдану арқылы жаңа технологияларға жақындай түс­кенін көкірегі ояу, көзі ашық жан­ның бәрі біледі. «Көз қорқақ, қол батыр» дегендей көз үйренсе, бәрі де бас­қаша көрінетіні белгілі. Мәселен, «қ» дыбысын алайықшы. Кейінгі ла­тын­шаға көшкен жағдайда оны «Q», «q» таңбасымен қолданудың төл дыбысымызға дәл келетіні жиі айтыла бастады. Менің атым «Qazaq» деп әлемді мойындатып жүрген атақ­ты кәсіпқой боксшымыз Қанат Ис­ламнан бастап, Қазақстан телеарна­сы ұсынған «Qazaqstan» атауына орай өз аттарын өзгерткен «Saryarqa» телеарнасына да, «Qazaq Radiolary» мен «Qazsport»-қа да көзіміз үйрене бастады. Ертең «Егемен Қазақстан» газетіміз де «Egemen Qazaqstan» бо­лып шығып жатса, рухымызды ас­қақ­тата түседі.

Елбасымыз елімізде жүргізіліп жат­қан саяси, экономикалық, әлеу­­­мет­­тік және рухани жаңғыру үдері­сін­де тіліміздің де жаңа белеске кө­те­рілуіне ерекше назар аударып ке­леді. Ал Елбасымыздың 2015 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өт­кен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ас­самблеясының мерейтойлық 70-ші сессиясында әлемнің ең жоғары мін­берінен тұңғыш рет мемлекеттік тілде сөйлеген сөзі ешқашан да ұмы­тыл­майтын сәт. Әлемнің екі жүз­ге жуық басшысының қазақ тілін тың­дағаны ұлтымыз үшін тарихи­ оқиға болды. Тәуелсіздігіміздің 24-жыл­­дығын атап өту барысында Елба­сымыз қазақша баяндаған се­бебін: «біздің тіліміз дүние жүзіне ес­тіл­сін, құлақтарына сіңсін деп ойла­дым. Әрі қарай жылжыта береміз. Мен әдейі солай жасадым, сондықтан мен айтқаннан кейін, менен кейінгі басшылар да солай сөйлейді деп сене­мін», деп түсіндірген еді. Осы бір тарихи сәтке орай ана тіліміз­дің нағыз жанашырларының бірі Пар­ламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев өзінің әріптестері мен Үкімет мүшелерін, мемлекет қызмет­кер­лерін Елбасымыздан үлгі алуға шақыр­ған болатын. Елбасымыз өзінің Қазақ­стан халқына арнаған биылғы «Төр­тінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкін­діктері» атты Жолдауында да

«...Қа­зақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек. Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет» деп атап көрсеткен болатын.

Міне, қазақ тілі енді тағы бір жаңа белестің алдында тұр. Латын әліпбиі ең алдымен өркениет жолындағы бәсекеге қабілеттілікті арттырып, праг­матикалық сананың орнығуына жол ашады. Цифрлы технологияның ер­кін енуіне, әлемдегі кең таралған тіл­дерді үйренуге жақсы жағдай жасайды.

Сондықтан «келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, қалың жұрт­­шы­­лықтың таразысынан өткен, Ел­басымыздың Жарлығымен бекітіл­ген елдігімізді, ұлттығымызды айқын­дай­тын ана тіліміздің жаңа әліпбиі көңілімізден шықты.


Тегтер: әріп, жаңа әліпби, қ, q, дыбыс

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

7507 Толғаныс

"Қазақ тілінде сөйлемесе, ол менің балам емес"

6493 Толғаныс

Барым да, бағым да - қазақ тілі

6351 Толғаныс

Кофе және әдебиет 4